Sputnik.Пікір сауалнамасы: Трамп сайланғаннан кейін әлемде қауіпсіздік күшеймейді

© AFP 2024 / Mandel NganДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Германия (72%), Франция (64%), Бразилия (60%), Ұлыбритания (55%) және Түркия (52%) тұрғындарының басым көпшілігі Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланғаннан кейін әлемде қауіпсіздік азаяды деп санайды

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Германия (72%), Франция (64%), Бразилия (60%), Ұлыбритания (55%) және Түркия (52%) тұрғындарының басым көпшілігі Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланғаннан кейін әлемде қауіпсіздік азаяды деп санайды. Дәл осы пікірді Италия тұрғындарының 49%-ы және америкалықтардың 45%-ы қолайды. Сауалнаманы Sputnik.Пікір жобасы аясында TNS Global компаниясы Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы үшін жүргізді.

© SputnikСауалнама нәтижесі
Сауалнама нәтижесі - Sputnik Қазақстан
Сауалнама нәтижесі

Сауалнаманы TNS Global компаниясы 2017 жылы 16-22 ақпан аралығында жүргізген. Оған Франция (1 004 адам, 16-64 жас), Германия (1 014 адам, 16-64 жас), Италия (1 050 адам, 16-54 жас), Ұлыбритания (1 037 адам, 16-64 жас), АҚШ (1 027 адам, 18-64 жас), Бразилия (1 010 адам 16-54 жас) және Түркиядан (1 006 адам 16-54 жас) барлығы 7148 респондент қатысты. Іріктеме халықты жынысы, жасы және географиялық орны бойынша бөліп қарастырады. Іріктеменің қателігі әр ел бойынша ең көп дегенде +/- 3,1%-ды құрайды, сенімгерлік ықтималдығы 95%.

Sputnik.Пікір туралы мәлімет

Қоғамдық пікірді зерттеу жөніндегі халықаралық жоба 2015 жылы қаңтарда іске кірісті. Жоба серіктестері – танымал зерттеу компаниялары Populus, Ifop және forsa. Sputnik.Пікір жобасы аясында ең өзекті әлеуметтік және саяси мәселелер бойынша коғамдық пікірді білу үшін АҚШ және Еуропа елдерінде сауалнама жүргізіледі.

Sputnik — ондаған елдерде мультимедиялық ақпараттық хабы бар жаңалықтар агенттігі және радиосы. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.

Жаңалықтар
0