Иллюстративті фото

SputnikPro сарапшысы: журналистикадағы продюсер келіссөз жүргізуші

33
Материалға кейіпкер тауып, онымен қалай диалог жасауға болады, байланыстар базасын қалай пайдалану керек және кейіпкер түсірілімнен бас тартпау үшін журналистер не істеуі керек – продюсерлік жасау құпиялары  

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Федералды телеарнаның продюсері Елена Воронцова көрші елдердің БАҚ өкілдерімен өткен SputnikPro вебинарында жаңалықтың продюсері кім екенін және ол журналистің материалын дайындауда қандай рөл атқаратынын айтты.

"Бірнеше жыл бұрын продюсер деген қызмет болған жоқ. Тілшілер бәрін өздері жасады. Жемісті жұмыс істеу үшін продюсер қызметі пайда болды", - деп атап өтті ол.

Қызметкер белгілі бір бағытта – мысалы, спорт, медицина, саясат немесе барлығымен бірдей айналысуы мүмкін.

"Продюсер – процесті ұйымдастырушы, бұл телефондар базасы, кейіпкерді көндірудің әр түрлі тәсілдері, видео жеткізу жұмыстары. Продюсер – келіссөз жүргізуші!" - деп есептейді Воронцова.

"Меніңше, ең қиыны – төтенше жағдайлар мен апаттар тақырыбы: сауда орталықтарындағы өрт, ұшақ апаттары және тағы басқалар. Қайтыс болған немесе жарақат алған адамдар көп болады, ал саған туыстарымен сұхбат жазу қажет", - дейді сарапшы.

Маман сұхбаттасушыны баспасөзбен қарым-қатынас жасауға көндірудің бірнеше әдісі бар екенін айтты.

"Кейіпкеріңізді жақсы көріңіз, оның тілін тауып сөйлесіңіз, бір нәрсені білмейтініңізді көрсетуден қорықпаңыз", - деп түсіндірді ол.

Кейіпкермен қарым-қатынас жасаудың бастапқы кезеңі хат алмасудан тұрады,  оның мақсаты – телефон нөмірін алу, тікелей телефон арқылы сөйлесу және жеке кездесу.

"Бірде менің келіссөзім екі сағатқа созылды! Бүкіл редакция болды ғой енді, телефон тұтқасын қой деп ымдады. Кейде келесі күні қоңырау шалудың нәтижесі болатынын әрдайым сезуге тиіссіз, егер ойын өзгертсе, оған телефон нөміріңізді қалдырыңыз" – дейді Елена Воронцова.

Түсірілімге рұқсат алу үшін ресми хат жіберіледі, оның сол мекенжайға түскені қарапайым жолмен – телефон қоңырауы арқылы міндетті түрде тексеріледі.

"Егер бас тартып, түсірілім жасау мүмкін емес десе, ресми түрде бас тарту туралы хат сұраңыз, кейде бұл қызметтерді тығырыққа тірейді. Дереу түсірілімге келісім береді!", - деп толықтырды  сарапшы.

Кейіпкердің түсірілімнен бас тартуы да материал. Мысалы, камерадан қашып бара жатқан адам – ​​ жанды көрініс, деп санайды Елена Воронцова.

SputnikPro білім беру жобасының тоғызыншы онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген  маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елдің өкілі қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.  

33
Тақырып бойынша
SputnikPro вебинары: видеоны оңай әрі дұрыс түсіру арқылы қалай аудитория жинауға болады
Қазақстандық журналист SputnikPro жобасында кәсіби біліктілігін шыңдап жатыр
SputnikPro: басқа адамның суретін авторлық құқықты бұзбай қалай пайдалануға болады
SputnikPro сарапшылары сайтты ыңғайлы етуге қатысты кеңес берді
Архивтегі фото

Ресейлік онлайн мектептер сертификатталуы мүмкін

33
Жұмысты Россотрудничество ағарту министрлігімен бірлесіп қолға алды, ол бірінші кезекте шетелде тұратын ресейліктерге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Россотрудничество ресейлік онлайн мектептерді сертификаттап, шетелде тұратын ресейліктер үшін емтихан тапсыруды жеңілдетуді ұсынып отыр. Бұл туралы Россотрудничество басшысы Евгений Примаков айтты.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді 

"Біз шетелде мектеп ашу әрдайым мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан "отбасылық", " үй" форматындағы онлайн оқытуды қолдаудың болашағы зор, өте қызықты және бізде де, шетелде де сұраныс артып келеді", - деді Примаков.

Ол шетелдегі көптеген ресейлік үшін бұл Ресей стандарттары бойынша білім алудың санаулы тәсілдерінің бірі екенін атап өтті.

"Сертификаттау, емтихан тапсыру мәселесі әлі де бар, бірақ мұны да талқылауға болады, бұл жұмысты ағарту министрлігіндегі әріптестерімізбен бірлесіп жүргізіп жатырмыз, оны сертификаттау үшін не істеу керек екендігі қарастырылуда. Қазір бірнеше ұсыныс бар", - деп түсіндірді Примаков.

Ол сондай-ақ Россотрудничество кез келген білім беру идеясын, алаңдарын, формаландырудың, институттандырудың кез келген дәрежесін қолдайтынын атап өтті.

"Бұл бізге келетін жеке бастамалар, мемлекеттік бастамалар болуы мүмкін, үкіметаралық келісімдер негізінде мектеп құрылған кезде оңайға соқпайды", - деп түсіндірді Россотрудничество басшысы.

Примаков көптеген отандасын Ресейдің білім беру жүйесі - мәдениет, өнер, гуманитарлық білім саласы да, нақты ғылымдар саласы да қызықтыратынын айтты.

"Біз бұл бастамалардың барлығын құптаймыз және қолымыздан келгенше қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп аяқтады ол.

33
Тақырып бойынша
Бастауыш сынып оқушыларының 60%-і мектеп партасына отырды
Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Баланы онлайн оқуға қалай дайындау керек – психологтар кеңес берді
Telegram

Әлеуметтік желілер ықпалды саяси алаңға айналды SputnikPro сарапшысы

41
(Жаңартылды 23:04 04.09.2020)
Әлеуметтік желілер ықпалды саяси алаңға айналып, әлем жаңа ақпараттық дәуірге қадам басты, деп пікір білдірді Армен Гаспарян

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Sputnik мультимедиа орталықтары дирекциясының таяу шетел және Балтық елдеріндегі радиоконтент өндірісі бөлімінің бастығы Армен Гаспарян дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары Беларусьтегі оқиғаларға неге дайын болмағанын айтты.    

"Әлеуметтік желілер ықпалды саяси алаңға айналды" деп атап өтті сарапшы. Ол Беларусьтегі наразылық кезінде Telegram каналдары бірінші болып көрерменнің назарын аударғанын, ал дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары артта қалғанын мысалы ретінде келтірді.   

Оның айтуынша, әуелі БАҚ әлеуметтік желілердегі ақпарат алаңын елемей, уақыт жоғалтты.

Гаспарян ақпараттық соғыс кезінде тараптардың бірі әрқашан есе  жіберетінін баса айтты. Бұл жағдайда "артта қалған" Беларусь бұқаралық ақпарат құралдары болды.

"Ақылға қонымсыз жағдайлар болды: Лукашенканың сөйлеген сөздерінің бірін беларусь бұқаралық ақпарат құралдары таратпады, өйткені дәстүрлі БАҚ техникалық жағынан дайын болған жоқ. Салдарынан басқа елдің бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілді, ал беларусьтар өте кеш таратты", - деп түсіндірді ол.

Наразылық акцияларының екінші аптасында беларусь бұқаралық ақпарат құралдары жағдайды сарапшылар қауымдастығы есебінен түзету керек екенін түсінді, деп атап өтті Гаспарян.

"Билік өзіне деген сенімділікке ие бола бастады, олар ақпаратпен басқаша жұмыс істеуге болатындығын көрді", - дейді ол.

Гаспарян дәстүрлі медианың SMM мамандарының көпшілігі кәсіпқой емес деп есептейді, олар ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы жариялау технологияларын жете білмейді.

БАҚ трендте болғысы келсе, жаңа медиаға деген көзқарасын өзгертуі керек, деп толықтырды Гаспарян.

"Telegram – бүгінгі күннің қозғаушы күші екенін түсіну керек. Ертең Tik-Tok, Instagram алға шығуы мүмкін, ол мүлдем жаңа әлеуметтік желі болуы да ғажап емес. Осының бәрін мұқият бақылап, өзің үшін дұрыс қорытынды жасау керек" , - деді сарапшы.

SputnikPro білім беру жобасының он сегізінші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.    

41
Ақша, теңге, тиындар

Ай сайын 506 мың теңге: БЖЗҚ зейнетақыға қатысты ақпарат жариялады

88
БЖЗҚ жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қазандағы жағдай бойынша өз салымшыларына 138 миллиард теңге төледі.

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ 297 253 адамға төлем төледі.

Тұтастай алғанда жалпы сомасы 138,5 миллиард теңгеге 1,6 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды.

Оның ішінде:

  • зейнет жасына толуына байланысты төлемдер – 46,1 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 36,1 миллиард теңге;
  • тұрақты тұрғылықты жерге кетуге байланысты төлемдер– 27,6 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 24,5 миллиард теңге;
  • жерлеуге берілетін төлемдер – 3,01 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 1,1 миллиард теңге.

БЖЗҚ ақпаратынша, ай сайынғы орташа төлем (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 739 теңгені құраса, ай сайынғы ең жоғары төлем сомасы 506 980 теңге болды.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы жинағын қалай көбейтуге болады?

Еске салсақ, келесі жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсай алады. Негізгі шарт – шоттағы ақша жеткіліктілік шегінен асуы керек.

Жеткіліктілік шегі 20 жастан бастап әр жас үшін бөлек есептелген. Зейнетақы жинағын баспана немесе жер телімін сатып алуға, ипотеканы өтеуге, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалануға болады.

Айта кететін жәйт, зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтар соманың 10%-ін салық түрінде төлеуге міндетті.

88
Кілт сөздер:
БЖЗҚ, зейнетақы
Тақырып бойынша
БЖЗҚ 24 миллиард теңгеге жуық қарызын қайтарып алды
БЖЗҚ зейнетақы жинағының 10%-ін пайдалану ұсынысына қатысты мәлімдеме жасады