Әлеуметтік желілер ықпалды саяси алаңға айналды – SputnikPro сарапшысы

© REUTERS / Dado Ruvic/IllustrationМужчины со смартфонами на фоне логотипа Telegram
Мужчины со смартфонами на фоне логотипа Telegram - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілер ықпалды саяси алаңға айналып, әлем жаңа ақпараттық дәуірге қадам басты, деп пікір білдірді Армен Гаспарян

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Sputnik мультимедиа орталықтары дирекциясының таяу шетел және Балтық елдеріндегі радиоконтент өндірісі бөлімінің бастығы Армен Гаспарян дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары Беларусьтегі оқиғаларға неге дайын болмағанын айтты.    

"Әлеуметтік желілер ықпалды саяси алаңға айналды" деп атап өтті сарапшы. Ол Беларусьтегі наразылық кезінде Telegram каналдары бірінші болып көрерменнің назарын аударғанын, ал дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары артта қалғанын мысалы ретінде келтірді.   

Оның айтуынша, әуелі БАҚ әлеуметтік желілердегі ақпарат алаңын елемей, уақыт жоғалтты.

Гаспарян ақпараттық соғыс кезінде тараптардың бірі әрқашан есе  жіберетінін баса айтты. Бұл жағдайда "артта қалған" Беларусь бұқаралық ақпарат құралдары болды.

"Ақылға қонымсыз жағдайлар болды: Лукашенканың сөйлеген сөздерінің бірін беларусь бұқаралық ақпарат құралдары таратпады, өйткені дәстүрлі БАҚ техникалық жағынан дайын болған жоқ. Салдарынан басқа елдің бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілді, ал беларусьтар өте кеш таратты", - деп түсіндірді ол.

Наразылық акцияларының екінші аптасында беларусь бұқаралық ақпарат құралдары жағдайды сарапшылар қауымдастығы есебінен түзету керек екенін түсінді, деп атап өтті Гаспарян.

"Билік өзіне деген сенімділікке ие бола бастады, олар ақпаратпен басқаша жұмыс істеуге болатындығын көрді", - дейді ол.

Гаспарян дәстүрлі медианың SMM мамандарының көпшілігі кәсіпқой емес деп есептейді, олар ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы жариялау технологияларын жете білмейді.

БАҚ трендте болғысы келсе, жаңа медиаға деген көзқарасын өзгертуі керек, деп толықтырды Гаспарян.

"Telegram – бүгінгі күннің қозғаушы күші екенін түсіну керек. Ертең Tik-Tok, Instagram алға шығуы мүмкін, ол мүлдем жаңа әлеуметтік желі болуы да ғажап емес. Осының бәрін мұқият бақылап, өзің үшін дұрыс қорытынды жасау керек" , - деді сарапшы.

SputnikPro білім беру жобасының он сегізінші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.    

Жаңалықтар
0