Өңірлер

Шарасыздықтан өзіне қол жұмсау: ұлының өлімі үшін әйел адамға 2 млн теңге төленеді

CC0 / MabelAmber / Өзіне-өзі қол салу
Өзіне-өзі қол салу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырауда есірткі қолданды деген күдікке ілінген жігіт азаптауларға шыдамай өз-өзіне қол салды.

АСТАНА, 13 жел — Sputnik. Әйел адам 23 жасар ұлын өз-өзіне қол жұмсауға жеткізген бұрынғы полицейлерден моральдық зиян келтіргені үшін екі миллион теңге өндіріп алды деп хабарлайды Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Сот - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Полиция азаптауының құны 400 мың теңге

Азаматтық іс Атырау қалалық сотында қаралды. Сотқа жалғыз ұлы өзін-өзі өлтірген әйел адам арыз берді.

Екі жауап беруші бұдан бұрын жас жігітті өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізгені үшін айыпты деп танылған еді. Үкімге сәйкес сотталған бұрынғы полицейлер жәбірленушіні азаптап, оны өздерімен сыбайлас болуға мәжбүрлеген, нәтижесінде шарасыз күйге түскен жігіт азапқа шыдамай, өз-өзіне қол салған. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, полицияның аға лейтенанты мен сержант алты және бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Сот шешімінің мәтініне сәйкес, қайтыс болған жігіттің анасы моральдық зиян келтіргені үшін әр жауап берушіден 10 миллион теңге, материалдық шығын келтіргені үшін 300 мың теңгеден өтемақы алуға арыз берген. Атырау қалалық сотының шешімі бойынша, әйел адамға әр жауап берушіден материалдық шығын үшін 38,5 мың теңге, моральдық шығын үшін 1 миллион теңге төленетін болады. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0