Өңірлер

Астана-Петропавл автобусының жолаушылары эвакуацияланды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуҚатты аяз
Қатты аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылар мінген автобус жанармай таусылып қалғандықтан Ақмола облысындағы тас жолда қалып қойды

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Ақмола облысында Астанадан Петропавлға аттанған қалааралық автобус тас жолда қалып қойды, жолаушылар эвакуацияланды деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Әуежай - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Боранның кесірінен жолаушылар ұшағы Петропавлға қона алмады

Ведомство мәліметінше, Шортанды ауданындағы Астана-Бурабай курорты автобанында Volvo автобусы жанармай жетіспегендіктен тоқтап қалды.

Жедел қызметтер мен полиция 20 жолаушыны жол бойындағы кафеге жеткізді, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 

Бұдан бұрын Петропавлда төменнен соққан қатты боранның кесірінен ұшақ қона алмай, Көкшетау аэродромына баруға мәжбүр болған еді.

Жаңалықтар
0