Өңірлер

Селфиге арналған саябақ: Астанада жуырда айрықша парктер пайда болады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуСелфиге түсу
Селфиге түсу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жуырда Астананың үш селфи саябақтарының бірінде ерекше селфи суретке түсе аласыз

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Жуырда Астанада селфиге арналған арнайы мүсіндері бар үш саябақ ашылады деп хабарлады "Крыша" порталы.

Аңшы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды облысында браконьерлер жаралы арқармен селфи жасаған

Басылымның мәліметіне сүйенсек, ең ірі селфи саябақ Жеңіс даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысындағы аумақта орналасады. Оның аауданы үш мың шаршы метрден асады. Тағы бір саябақтың жалпы ауданы 2000 шаршы метр, ол Сарырқа даңғылында болады.

Сәлеуеткерлердің жобалауынша, саябақ ауданының үштен бірі ағаштар мен гүлдерге, газонға арналады, қалған бөлігіне жолдар мен орындықтар, құрылғылар салынады. Аумақта суретке түсуге арналған ерекше "мүсіндер" болады.Жобаға сәйкес, саябақ декорациясының тақырыбы – музыка.

Үшінші саябақ Молдағұлова көшесінде ашылады. Ол балалар демалысына арналған. 

Жаңалықтар
0