Өңірлер

Қарағандылық жылыжай 8 Наурызға мыңдаған қызғалдақ өсірді

© SputnikҚарағанды жылыжайында өсірілген қызғалдақтар
Қарағанды жылыжайында өсірілген қызғалдақтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
100 мыңнан астам қызғалдақ Астанаға, Павлодарға және Ақтауға жөнелтілді. Олардың бағасы шамамен 300 теңге болады

АСТАНА, 7 нау — Sputnik. Қарағандылық жылыжай "Green Technology" ЖШС 8 Наурыз қарсаңында қиярдың орнына мыңдаған қызғалдақ өсірді. Ауданы шамамен 3 гектардан тұратын жылыжай кешені негізінен голландиялық қызғалдақтардан тұрады. 

Биыл өнімділік өте жоғары. Алғашқы көктемгі мерекеге агрономдар 12 сұрыптан тұратын 240 мыңнан астам гүл өсірді. 

"8 Наурызға біз қызғалдақ өсіріп жатқанымызға үш жыл болды. Олардың қызыл, сары, ақшыл көк, қызғылт баданасын Голландиядан сатып аламыз. Біздің қызғалдақтарымыздың исі әртүрлі", — деді Sputnik Қазақстанға жылыжайдың бас агрономы Галина Кизилова. 

Әртүрлі түстегі қызғалдақтардың үш гектары, бұл сан алуан гүлдер, ер адамдар санаулы күндерде сатып алады, дейді агроном. Биыл 100 мыңнан астам қызғалдақ Астанаға, Павлодарға және Ақтауға жөнелтілді. Қалғаны өңірде қалады.

 

Олардың бөлшек бағасы шамамен 300 теңге болады. Мерке өтісімен агрономдар қияр өсіруге кіріспек. 


Жаңалықтар
0