Өңірлер

Қазақстанға Иран Әскери-теңіз күштерінің кемелері келіп жетті

© Photo : министерство обороны Республики КазахстанҚазақстанға Иран Әскери-теңіз күштерінің кемелері келіп жетті
Қазақстанға Иран Әскери-теңіз күштерінің кемелері келіп жетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтау теңіз портында достастық кемелерді Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық кораблі күтіп алды

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Қазақстанның Каспий теңізі жағалауына Иран Әскери-теңіз күштері кемелер тобы, яғни, "Пейкап" зымыран кораблі және "Дамаванд" эскадрильялық миналы кемесі келіп жетті деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бір ұя қасқыр Каспийде кеме командасын үркітті - Sputnik Қазақстан
Бір ұя қасқыр Каспийде кеме командасын үркітті

Ақтау теңіз портында достастық кемелерді Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық кораблі күтіп алды. Сапар мақсаты екі елдің Әскери-теңіз күштері арасындағы ынтымақтастықты ретке келтіру болып табылады. Оның рөлі өңірлік, оның ішінде, Каспий теңізінің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі жағдайларында анағұрлым ұлғаяды.

Тәжірибе алмасу мақсатында зымыран кораблі мен Иранның эскадралық мина тасығышына Қазақстан әскери теңізшілері экскурсия ұйымдастырды. Өз кезегінде, Иран ӘТК әскери теңізшілері қазақстандық зымыран-артиллериялық кораблді тамашалай алады.

Ресми сапардың бағдарламасы шеңберінде әскери кемелердің экипаждары мен Иран Әскери-теңіз күштерінің өкілдері Ақтау қаласының мәдени нысандары мен көрікті жерлерін аралап шығады. Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Иран Ислам Республикасы ӘТФ Каспий флотилиясының кемелер тобы Ресей мен Әзірбайжанның теңіз порттарына соғып қайтқан болатын.

Жаңалықтар
0