Адам

Ақмола облысында үстіне жай түскен малшы аман қалды

130
Ер адам кешке мал бағып жүргенде, үстіне жай түскен. Мінген аты "құтқарып қалыпты"

АСТАНА, 5 шілде — Sputnik. Ақмола облысы тұрғынына жай түсіп, өлім аузынан аман қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Есіл аудандық ауруханасының дәрігерлеріне сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға 3 шілде күні 22.00-де Есіл қаласының шетінде болған.

1961 жылы туған жергілікті тұрғынға жай түсіп, Есіл аудандық ауруханасына жеткізілген.

Ауруханада төтенше оқиғаның мән-жайы туралы айтылды. Ер адам мал бағып, күн көреді екен. Сол күні кешке жаңбыр кезінде атпен келе жатады. Найзағайдың негізгі күші жылқыға түсіп, малшы аман қалған. Аты қаза тапқан.

Науқастың жағдайы бір қалыпты, қатты зардап шекпеген.

"Сирек кездесетін жайт, жолы болған екен. Негізінде жай түскенде адам бірден өліп кетеді", — дейді дәрігерлер.

130
Астанадағы қар

Көктайғақ, тұман және қар бүгін ауа райы қандай болады

192
(Жаңартылды 08:36 26.10.2020)
Синоптиктер аптаның алғашқы күнінде өңірлердің басым бөлігінде жауын-шашын болатынын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Циклон әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Өңірлердегі ауа райы

қазгидромет орталықтың хабарлауынща, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болады. Күндіз Ақмола және Солтүстік Қазақстанда желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман мен көктайғақ. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қызылорда, Павлодар облыстарында жел күшейеді. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Павлодар облысында - көктайғақ.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман болады. 

Атырау, Жамбыл облыстарында жел күшейіп, 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Алматы облысында таңертең тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 26 қараща күні жаңбыр жауады. Сынап бағанасы плюс  4-7 градус шамасында көрсетеді. Желдің жылдамдығы - 7-14 м/с.

Алматыда күн ашық, жел жоқ. 15 градусқа дейін жылы. 

Шымкентте де жауын-шашынсыз, күн ашық, плюс 16 градус.

Тағы оқыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады

192
Кейуана Гүлсара Байташова 1918 жылы 25 қазанда Қазығұрт ауданының Қарабастау ауылында дүниеге келген

"Жүзден асқан жеті адам бар": Қазығұртта кейуана 102 жасқа толды

266
(Жаңартылды 19:55 25.10.2020)
Жыл сайын кейуананы тек жақындары ғана емес, сонымен қатар жергілікті билік өкілері де құттықтайды

АЛМАТЫ, 25 қазан – Sputnik. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Гүлсара Байташова есімді кейуана 102 жасқа толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Гүлсара Байташова 1918 жылы 25 қазанда Қазығұрт ауданының Қарабастау ауылында дүниеге келген. Кейуананың әкесі ерте қайтыс болған. Ал анасы шамамен 80 жасында дүниеден өткен, оның жалғыз ғана бауыры бар. Ұзақ жасау қанында бар Гүлсара апаның түп нағашысы 105 жасында қайтыс болған.

Гүлсара Байташова бір ұл, бір қыздан 8 немере мен жиен сүйген, қазір 25 шөбере, 4 шөпшегі бар. Жыл сайын кейуананы тек жақындары ғана емес, сонымен қатар жергілікті билік өкілері де құттықтайды.

"Гүлсара Байташованы және аудандағы басқа да жүз жастан асқан кісілерді тек туған күн кезінде ғана емес, әр мереке сайын құттықтап барамыз. Ол кісілерге де, үйіндегі немерелеріне де сыйлық береміз. Әдетте шай мен тәттілер, орамал апарамыз", - деді Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар  әкімдік ауданда жүз жастан асқан жеті әйелдің бар екенін айтты. Оның ең үлкені 103 жаста, ал ер адамдар арасында ең қарт кісі 99 жаста. 

"Біздің аудан тау етегінде орналасқан. Таза су, таза ауа. Жергілікті тұрғындар сүт, қымыз, шұбат ішеді. Мұның бәрі осында жасалады. Жақсы экология да әсер етуі мүмкін. Қазығұрт адамдарға тұруға ыңғайлы жер, сондықтан бізде жүз жасайтындар көп", - деді аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, бұған дейін кейуана мен Гүлсара Байташеваның жақындары Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берді.

266
Кілт сөздер:
кейуана, Қазығұрт ауданы
Тақырып бойынша
"Жылаған адам көп болды": 102 жасқа келген қазығұрттық кейуананың әңгімесі
"Әлі дәрі ішіп көрген жоқ" 104 жастағы кейуана ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Әйелінің соңынан кеткен: түркістандық кейуана 28 жыл көрмеген ұлымен жылап қауышты
"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты
Кейуана жат ағымның жетегінде кеткен қызын қайтара алмай жүр
Астана әуежайы

Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді

0
(Жаңартылды 09:44 26.10.2020)
Түнде Нұр-Сұлтан әуежайына шетелден алты ұшақ қонды. 108 жолаушының өзімен бірге ПЦР-тест өткені туралы анықтамасы болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Қазанның 25-нен 26-на қараған түні шетелден астана әуежайына келген 108 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді. Оларның ПЦР-тесті болмаған, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуежайға түнде барлығы 6 ұшақ қонды. Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуе компанияларының рейстері.

"722 жолаушының 108-інде ПЦР анықтама болмады. Сондықтан стационарлық карантинге жіберілді. Тест тапсырған соң үйлеріне кете алады. Алайда вирус жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға барады", - делінген хабарламада.

0