Өңірлер

Теміртауда көлікті қағып кеткен полицей айыппұл төлеп құтылуы мүмкін

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теміртауда полицей көпбалалы ана мінген көлікті бір-ақ қаққан, әйел адам ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Теміртауда учаскелік инспектор төрт баланың анасы мінген көлікті қағып кеткен. Бастапқы мәлімет бойынша, құқық қорғау органының қызметкері 23 қыркүйекте бағдаршам қызыл жанып тұрған кезде қиылыстан өтіп кеткен.

"Зардап шеккен әйел ауруханадан шықты, мекенжайы бойынша ем қабылдауға жіберілген. Емі біткен соң, біздің қызметкерлер медициналық картасын алып, сот-медициналық сараптама тағайындайды", — деді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі басшысы Бақытжан Құдияров.

Сот-медициналық сараптама әйел адамның денсаулығына жеңіл-желпі зиян келгенін дәлелдесе, жол апатына кінәлі бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. 

"Егер орташа деңгейде зиян келсе, онда істің деректері тергеу бөліміне жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі", — деп түсіндірді Бақытжан Құдияров.

Бұл жағдайда полицей 300 АЕК айыппұл төлеп немесе 75 күнге қамауға алынады.

Жаңалықтар
0