Өңірлер

Қостанай облысында қуаты 3,8 балл жер сілкінісі болды

© Sputnik / Игорь Носов / Медиабанкке өтусейсмограф
сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, жер сілкінісін Рудный тұрғындары сезінген

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Рудный қаласы тұрғындары 12 қараша күні кешкісін екі жер асты дүмпуін сезінді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кеткен.

сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді

"12 қарашада 23 сағат 13 минутта Рудный қаласында жер сілкінісі болды. Амплитудасы 3,8 балды құрады", — деп хабарланған Вконтакте желісіндегі "Типичный Рудный" тобында.

Әлеуметтік желі қолданушыларының сөзіне қарағанда, құрбандар мен зардап шегушілер болмаған және басқа да зардабы тимепті. 


Жаңалықтар
0