газ баллондары, архив суреті

Оралда газ жарылып, жүкті әйел ауыр күйік жарақатын алды

63
(Жаңартылды 20:19 19.11.2017)
Әйел денесінің 85 пайызы күйіп қалған, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Оралда жер үйлердің бірінде газдың жарылуынан шыққан өрттен жүкті келіншек ауыр күйік жарақатын алды, деп хабарлайды "Уральская неделя" БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

"18 қарашада таңертең Зачаганск ауылында Бөкенбай көшесіндегі жер үйлерің бірінде газ жарылып, салдарынан үйдің төбесі құлайды. Өрт орнынан облыстық ауруханаға 37 жастағы жүкті әйел жеткізілді", — деп хабарлады департамент өкілдері. 

Әйел денесінің 85 пайызы күйіп қалған. Жүктілік мерзімі — 31 апта. Зардап шеккен келіншек ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. 

"Баланың жүрек қағысы қалыпты. Ал зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр", — деді емдеу мекемесінің директоры Ерлан Тоқсанов. 

 

63
Кісен, архивтегі фото

Көкшетаулық ерлі-зайыптыны қатыгездікпен өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды

257
Түнде қаскүнем көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерге кіріп, үй иесін қатыгездікпен өлтіріп, алтын ұрлаған

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Көкшетауда егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтірді деп айыпталған жігітке сот үкімі шықты. Сот отырысы Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Істі алқабилер қарады.

Істің мән-жайы

Көкшетауда 2020 жылдың сәуір айының соңында он баласы бар егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтіріп кетті.

Түнде қаскүнем Есенберлин көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерге кіріп, үй иесін қатыгездікпен өлтірген.

83 жастағы ер адам мен оның 77 жастағы әйелінің денесі 30 сәуірде таңертең табылды. Оларды буындырып, пышақпен кескілеп тастаған.

Қылмыс болардан бірнеше күн бұрын жәбірленушілердің пәтеріне белгісіз біреудің кірмек болғаны анықталды. Шабуылдаушылар балконға бөтелке лақтырып, әйнекті сындырған.

Қылмыс жасады деген күдікпен Щучинск қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Сол күні алтын салынған қорапша мен екі кілт ұрланған.

Сот үкімі

Алқабилер шешімімен сотталушы Д. Қазақстан Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды:

  • 191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы – тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп жасалған тонау;
  • 24-бабы 3-бөлігі – қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу;
  • 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы – тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлікке заңсыз кіріп жасалған ұрлық;
  • 192-бабы 3-бөлігі 4-тармағы – қарақшылық;
  • 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 5, 8-тармақтары – екі немесе одан да көп адамды өлтіру;
  • 287-бабы 1-бөлігі – қаруды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау және алып жүру.

Сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтейді.

Жәбірленуші тараптың пайдасына сотталушы Д. келтірілген моральдық зиян ретінде 20 миллион теңге төлейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

257
Кілт сөздер:
қылмыскер, ерлі-зайыпты
Тақырып бойынша
Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті - оқиғаның мән-жайы
Бес рет қастандық жасалған: Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті
Шолпанның көз жасы: алты баласы бар 29 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады
Жамбыл облысында екі әйелді айуандықпен өлтірген қойшының денесі табылды
Алматы облысында әйелді бір жасар қызының көзінше өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
Ағаш, архивтегі фото

Алматы тұрғыны жұмысшылардың заңсыз әрекетін видеоға түсіріп алды

2767
KFC мейрамханасы аумағында төрт ағашты заңсыз кескендерге айыппұл салынып, 40 түп ағаш егуге міндеттелді

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Алматы қаласының полиция департаменті мен жасыл экономика басқармасының қызметкерлері KFC компаниясының тамақтану орны орналасқан учаске иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол жерде бір күн бұрын төрт ағаш заңсыз кесілген.

KFC тамақтану желісі ғимаратының жанында жұмысшылар ағаштарды кесіп жатқаны жайлы видеоны қазақстандық журналист, қоғам қайраткері Сергей Пономарев Facebook парақшасында жариялады.

"Алматылықтар "Sulpak" кеңсесінің алдындағы жарты ғасыр бойы өскен емен мен қарағаштарды кімнің кескенін анықтап жатқанда, биік дуалдың артында Тимирязев көшесі Көктем-2 шағын ауданындағы KFC Kazakhstan мейрамханасының жеке аумағында тыныш қана төрт қарағашты кесіп тастады. Ағашты кескендер өздерінің мегаполисте тұратынын және жақын маңдағы үй тұрғындарының немқұрайлы қарамай, видеоға түсіретінін ескермепті", - деп жазды ол.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматыда ағаш кескендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды   

Алматының жасыл экономика басқармасы да, жақын маңдағы учаскелік пункт те ағаштарды кесу туралы ештеңе білмегені анықталды. Видео әлеуметтік желі арқылы тарай бастағаннан кейін ғана әрекет еткен.

Тексеріс нәтижесінде учаске иесі ағаштарды кесуге ешқандай рұқсат алмағаны  белгілі болды.

"Көктем-2 ықшам ауданы, 2/1 үй (KFC жылдам тамақтану желісі) мекенжайы бойынша қарағай тұқымының төрт ағашын заңсыз кескен. Алматының жасыл экономика басқармасына кесуге өтініш түспеді, яғни ЖЭБ бұған рұқсат берген жоқ", - делінген Алматы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Іс бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 386-бабы ("Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу") бойынша жер учаскесінің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол 15 АЕК – 41 670 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Сонымен қатар өтем ретінде кінәлі азаматқа жалпыға ортақ жерлерге 40 түп ағаш егу міндеттелді.

2767
Кілт сөздер:
видео, ағаш, Алматы
Планшетпен отырған бала, қашықтан оқыту

Министрлік ата-аналардың чатында тараған қауіпті ойын туралы ақпаратқа түсініктеме берді

0
Ата-аналардың үрейін туғызған компьютерлік ойын туралы хабарлама ішкі істер және ақпарат министрліктеріне жолданды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Ата-аналардың чатында балаларды суицидке итермелейтін танымал компьютерлік ойын туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл ақпаратты бірден өкілетті органға – ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдады. Олар бұл контентті зерделеп, бұғаттау мәселесін шешеді. Сондай-ақ, контенттің қауіпсіздігін тексеру үшін "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесіне орналастырдық, - делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған қоса, шындыққа жанаспайтын хабарлама таратқандарға шара қабылдау үшін ақпарат ІІМ-ге жіберілді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жалған ақпарат таратпауды және, қажет болған жағдайда, сенім телефонына хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 74-25-28 және +7 (778) 289-81-57.

Сонымен қатар, тәулік бойғы BALA QORGAU телеграм-чатына да жүгінуге болады.

Тағы оқыңыз: Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде қауіпті топтар пайда болғанын ескертті

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Among Us ("Біздің арамызда") ойыны туралы ақпарат пайда болды. Анонимді аудиохабарламада ойынның балаларды суицидке итермелейтіні айтылған.

Among Us – қолданушылары көп компьютерлік ойын. Оны америкалық InnerSloth компаниясы әзірлеген. Ойын 2018 жылы 15 маусымда шықты. Ғарыш кемесіне "жиналған" ойыншылар екі командаға – экипаж мүшелері және сатқындар деп бөлінеді.

2018 жылы ойын қатты танымал болмаған еді, бірақ биыл Twitch пен YouTube-тің арқасында кең таралды.

0
Кілт сөздер:
оқушылар, ата-аналар, қауіпті ойын, Білім және ғылым министрлігі