Өңірлер

Алматыда қауіпті қылмыскер жасырынып жүр

CC0 / / Адам
Адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция іздеудегі азаматтың сырт келбетін сипаттағанымен, қандай қылмыс жасағанын айтпады

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Алматы ішкі істер департаменті ауыр қылмыс жасаған 34 жастағы ер адамды іздестіруде.

"Азамат З.В. Палтуев, 1983 жылы туған, бойы 180 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа", — деп полиция іздеудегі азаматтың сырт келбетін сипаттады.

© Photo : Алматы ІІД З.В. Палтуев
З.В. Палтуев - Sputnik Қазақстан
З.В. Палтуев

Күдікті қара түсті күрте, ашық түсті ала жемпір, қою түсті джинсы, қара түсті аяқ киім киген.

Палтуевты көрген-білгендер болса, келесі нөмірге хабарласуы керек: 254-49-01 және 8-705-555-01-82.

Жаңалықтар
0