Өңірлер

Ақтөбе облысында ер адам 14 жастағы қызбен бірге тұрған

CC0 / / Панк
Панк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқықбұзушы шартты түрде сотталып, ойын-сауық орындарына баруына тыйым салынды

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Ақтөбе облысы Ноғайты ауылында жас жігіт 14 жастағы қызбен бірге тұрған, деп жазады "Диапазон" жергілікті басылымы.

Полицияға 19 жастағы ер адам мен жасөспірім қыздың қарым-қатынасы туралы белгілі болған. Құқықбұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот жүргізілді.

Жас жігіт үш жылға бостандығын шектеу жазасына кесілген. Сол уақыт аралығында сотталған азамат ойын-сауық орындарына бара алмайды әрі полицияға тұрақты келіп тұруы қажет. 


Жаңалықтар
0