Өңірлер

Оңтүстік Қазақстан облысында бүлдіршін белгісіз дерттен азап шегуде

CC0 / / Қыз бала
Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздың анасы айтқандай, дерт балақайдың жанына батып, тіпті ас ішуге дәрмені қалмаған

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында белгісіз дертке шалдыққан он жастағы Лаура Сағатова әлі ауыр хәлде жатыр.

Бұдан бұрын ерікті Анаргүл Әмірова Sputnik Қазақстан редакциясына хабарласып, кішкентай қыздың әлі ауыр хәлде жатқанын, дәрігерлер диагнозды жүз өзгертіп, баланы емдеуге қауқарсыз екенін жеткізді.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде белгісіз дертке шалдыққан балаларға ем табылмай отыр

Қыз бала күннен-күнге жүдеп барады, қазір салмағы небәрі 11 килограмм.

Еріктінің айтуынша, балаға Түркия немесе Оңтүстік Кореядағы мамандар ғана көмектесе алады.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл жайтқа қатысты берген мәліметі бойынша, бала Шымкент қаласы №2 ауруханасында тіркеуде тұр, кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем аясында тегін ем алып жатыр. Ведомство хабарлағандай, 2017 жылы қазанда денсаулық сақтау басқармасы қыздың дертіне қатысты республикалық және шетелдік дәрігерлердің кеңесін өткізіпті.  

"Н.И. Пирогов атындағы Ресей медициналық ғылыми-зерттеу университеті неврология, нейрохирургия және медициналық генетика профессоры А. Петрухин емделу және тамақтану бойынша кеңес берді. Египеттен прфессор Ләйла Селим тереңірек тексеруден өтуді сұраған. Бірақ қыздың анасы ол процедуралардан бас тартты", — деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Баланы шетелге емделуге жіберу мәселесін шешу үшін, оған Астанадағы "Ана мен бала ұлттық орталығына" жолдама берілген. Ол жерде қызға "Жүйке жүйесінің бұзылуы. Тамақтану дағдысының бұзылуы. 3 деңгейлі гипотрофия" диагонзы қойылыпты.   

"Қазір баланы шетелге емдетуге жіберу ұсынылған жоқ. Балаға дұрыс қарап, дұрыс тамақтандыру керек. Орталықтың кеңесі бойынша қыз бала сүт қоспасымен тегін қамтамасыз етіледі. Бірақ анасы қыздың аллергия бергенін айтып, бұл қоспадан бас тартты", — деп мәлімет берді ведомство.

Жаңалықтар
0