Ренат Агзамовтың торты

Шымкенттегі тойда 4,2 метрлік торт қонақтарды таңғалдырды

2848
(Жаңартылды 09:16 16.01.2018)
Салтанатқа ең танымал адамдар шақырылғанына қарамастан, кештің ең басты тосын сыйы үлкен торт болды

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Белгілі ресейлік кондитер Ренат Агзамов Шымкенттегі үйлену тойына арнайы 1500 келі тартатын үлкен торт пісірді.  

Шымкенттегі сәнді отелдердің бірінде өткен салтанатты шарада жиналған қауымды атақты адамдардың көптігі емес, торттың үлкендігі таңғалдырды.    

"Кеше Шымкенттегі Rixos отелінде ғажап үйлену тойы өтті! Жұлдыздар көп болды, бірақ қонақтарды жұлдыздармен таңғалдыру қиын, тіпті Валерия мен Шон қарапайым әртістердің қатарында жүрді. Кештің және әлеуметтік желінің басты хиты торт пен боксшы болды", — деп жазды музыкалық продюсер Жан Мұқанов Telegram-каналында

Ренат Агзамовтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазғандай, аспаздар төрт метрлік тортты үш күн бойы жасаған. 

 

 

 

"Күрделі халықаралық жобаны жүзеге асырдық. Торттың диаметрі — үш метр, биіктігі — 4,2 метр (арбасымен бірге). Салмағы —  1500 килограмға жуық", — деп хабарлады "торт шебері"

Тойға Тамара Асар, опера әншісі Сүндет Байғажин, сондай-ақ қазақстандық боксшы Геннадий Головкин секілді отандық шоу-бизнес және спорт жұлдыздары шақырылды.  


2848
 Қазақстан мен Ресейдің тулары

Көкшетауда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына Тоқаев пен Путин қатысады

28
Қазақстан-Ресей форумын осы жылдың жылдың қараша айында өткізу жоспарланған болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Кейінге қалдырылған Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы келесі жылы өтеді, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин қатысатын жиын кейінге шегерілді 

Жұма күні Мәскеуде Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен кездесті. 

"Кездесу аясында 2021 жылы Көкшетау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелері де талқыланды", - делінген хабарламада. 

Форум 2021 жылдың қараша айында өтуі керек болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Көкшетаудағы өңіраралық ынтымақтастық форумы

Қазақстан мен Ресейдің ХVII өңіраралық ынтымақтастық форумына экология және "жасыл" өсу тақырыбы арқау болады.

Алғашқы өңіраралық форум 2003 жылы Омбыда өтті, оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин қатысты. Содан бері Қазақстан мен Ресей басшыларының шекаралас облыстардың бірінде кездесуі дәстүрге айналды. Алайда бұл жолы форум Ресей Федерациясымен шектеспейтін облыста ұйымдастырылып отыр.   

28
Тақырып бойынша
Тоқаев пен Путин Көкшетауда кездеседі
Путин Тоқаевқа ерекше құрмет көрсетті – видео
Путин мен Тоқаев Омбыда форум өткізіп, сыйлық алмасты – видео
Нұрсұлтан Назарбаев батыл ұсыныс жасады
Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер суицидтің алдын алды

Алматыда ер адам өзін өртеп жібермекші болды оқиға немен аяқталды

1355
(Жаңартылды 19:48 04.12.2020)
Алматы қаласының полиция қызметкерлері мен Медеу ауданының өрт сөндірушілері қайғылы жағдайдың алдын алды

АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Алматыда ер адам өзіне және көлігіне бензин шашып, суицид жасауға әрекеттенді.

Оқиға 4 желтоқсанда Шымбұлақ көшесі, 10 мекенжайында болды.

"1983 жылы туған ер адам өзіне және көлігіне бензин шашты. №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көліктері сирена қоспай, дыбыс шығармай келді – бұл кезде Медеу аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері келіссөз жүргізіп жатты", - делінген қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Өрт сөндірушілер полиция қызметкерлерінің пәрменін күтіп отырып, ер адамға күтпеген жерден су шашып, суицидтің алдын алды.  

"Оқиға орнына келгенiмiзде ер адамның күйзелicке түскенін байқадық. Ол азаматпен әңгiмелесіп, уақытты барынша созуға тырыстық. Жылдам жеткен өрт сөндірушілерді өзіне қол жұмсамақ болған тұрғын байқап қалмау үшiн бар күшімiздi салдық", - деп атап өттi полиция аға лейтенанты Сәкен Жүнicбай.   

Сотрудники полиции и пожарные Медеуского района  предотвратили суицид
© Photo : ДЧС Алматы
Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер суицидтің алдын алды

Құтқару жұмысына Медеу аудандық полиция бөлімінің 10-нан астам қызметкері, жедел жәрдем бригадасы, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және өрт сөндіру цистернасы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

1355
Кілт сөздер:
Алматы, суицид