Ер адам баланы ұстап отыр

Қарағандыда шаштараз төрт жасар баланың құлағын кесіп жіберді

890
(Жаңартылды 16:30 29.01.2018)
Баланың анасының айтуынша, кінәлі адам кешірім сұрамаған

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Қарағандының Пришахтинск шағын ауданында шаштараз төрт жасар баланың құлақ қалқанын абайсызда кесіп жіберді. Мұндай хабарлама Инстаграмдағы Schok_krg парақшасында жарияланды.  

Әйел жергілікті сұлулық салондарының бірінде шаштараз ұлына жарақат салғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, баланы жедел жәрдем бригадасы алып кетіп, дәрігерлер ауруханада құлағын тіккен.   

 

 

"Күйеуім қоңырау шалған кезде жұмыста едім. Баланың жағайы жақсарғаннан кейін әлгі салонға бардық. Әкімші қайта-қайта кешірім сұрап, дәрі-дәрмек шығындарын өтеп беретінін айтты. Шаштараз біз әңгімелесіп жатқанда бірде-бір рет кешірім сұрамады. Әрине, бәрін түсінемін, бірақ  2-3 сағат өтті, есін жиюға болатын еді ғой", — деп жазды зардап шегушінің анасы.

Әйел салон қожайыны осы жағдайдан кейін хабарласпағанын айта кеткен.   


890
Кілт сөздер:
шаштараз, Қарағанды
Архивтегі фото

Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскені үшін үш жылға сотталды

602
(Жаңартылды 16:00 24.11.2020)
Сот жас жігіттің бұрын сотталмағанын, жәбірленуші мен оның заңды өкілі оған ешқандай талап қоймағанын және соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрағанын ескерді

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Ақтөбеде 15 жастағы сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскен 17 жастағы бозбалаға қатысты сот үкімі шықты. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады "Мой город" басылымы.

Қыздың анасы олардың бірге жүруіне қарсы болған, соған қарамастан екеуі бірнеше рет үйден қашып кетеді. Соған ашуланған әйел полицияға жігіттің үстінен арыз жазған. Олардың интимдік қарым-қатынаста болғаны анықталған. Қыз келісім жасына жетпегендіктен (Қазақстанда ол 16 жастан басталады), жігіт қыркүйекте қамауға алынды.

Мән-жайды білген қыздың анасы ісіне өкініп, кінәрат-талабы жоқ екенін айтқан. Алайда полиция қылмыстық істі тоқтатудан бас тартты: бұл бап бойынша тараптардың татуласуына заңмен тыйым салынған.

24 қарашада Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Қылмыстық кодексінің 122-бабы "он алты жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынас жасау" бойынша айыпталушыға қатысты іс қаралды.

Оқи отырыңыз: Жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу бабын қатаңдату керек пе – заңгер пікірі 

Сот колледж студентінің 2005 жылы туған жәбірленушімен, яғни 16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынас жасағанын анықтады. Сотталушының кінәсі сотталушы мен жәбірленушінің берген түсінігімен, сондай-ақ жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлардың, сарапшылардың және сот сараптамаларының қорытындыларымен толық дәлелденді.

Прокурор сотталушыға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда сот жас жігіттің бұрын сотталмағанын, тұрғылықты жері мен оқу орны тарапынан жақсы сипаттама берілгенін, жәбірленушімен татуласқанын, жәбірленуші мен оның заңды өкілі оған ешқандай талап қоймағанын және соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрағанын ескерді.

Нәтижесінде жас жігіт үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Орал қаласының 20 жастағы тұрғыны 12 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін бас бостандығынан айырылмады. Бұл іс бойынша алқабилер шешім қабылдады, оның ішінде жеті әйел, үш ер адам бар. Шешім көпшілік дауыспен қабылданды. Алқабилер жыныстық қатынасқа қыз өз келісімін берген деген тұжырым жасады. Сондай-ақ, қыздың психикалық және физиологиялық дамуына байланысты жыныстық қатынастың мәнін түсінетіні айтылды.

Алқабилер ер адамның кәмелетке толмаған баласының бар екенін, сондай-ақ бұрын-соңды сотты болмауын жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға еш негіз жоқ деп есептеді, сол себепті алқабилер дауыс беріп, ер адамды 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарды.

602
Кілт сөздер:
жыныстық қатынас, бозбала
Тақырып бойынша
Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталуы мүмкін
Дана Нұржігіт балаларға жасалатын азғындықты тоқтатудың жолын айтты
Маңғыстау облысында ер адам жасөспірім қызды алып қашты
Батыс Қазақстанда 15 жасында тұрмысқа шыққан қыз туралы тың дерек шықты
12 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен Орал тұрғыны неліктен қатаң жазаланбады?
Қоқыс, зауыт

Қазақстанның бірнеше қаласында қоқыстан энергия өндіретін зауыт салынады 

28
(Жаңартылды 10:41 24.11.2020)
2025 жылға қарай қоқысты қайта өңдеу деңгейін 30%-ке, яғни орта еуропалық деңгейге жеткізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның алты қаласында пилоттық режимде тұрмыстық қатты қалдықтарды өртеу арқылы энергия өндіретін зауыт салынады. Жоба сәтті жүзеге асса, зауыт құрылысы басқа қалаларда да басталады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр қалдықтарды өңдеу деңгейін арттыру үшін заңнамалық деңгейде Waste to energy технологиясы енгізілетінін еске салды. Бұл дегеніміз, қоқысты жағу арқылы электр энергиясы өндіріледі, сосын ол жалпы электр желісіне сатылады. Жуырда президент тиісті заңға қол қойған.

"Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған пилоттық жобалар бірінші кезенде алты қалада жүзеге асады. Бұл Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент. Бүгінгі күні әкімдіктермен бірлесіп, жер учаскелері, инфрақұрылым және зауыттардың қалдықтармен кепілді жүктелуі мәселелерін пысықтап жатырмыз", - деді Мырзағалиев үкімет отырысында. 

Пилоттық жобалар сәтті жүзеге асса, зауыттар басқа қалаларда да салынады. 

Осы технологияның арқасында біз 2025 жылға қарай қоқысты қайта өңдеу деңгейін 30%-ке,  яғни орта еуропалық деңгейге жеткіземіз, деп толықтырды ведомство басшысы.

28
Тақырып бойынша
Жас отбасы 6 миллион теңге ақша салынған пакетті байқаусызда қоқысқа тастаған
Кассалық чекті дереу қоқысқа тастау керек
Министр Тоқаевтың қоқысқа қатысты тапсырмасы қалай орындалатынын айтты
Астаналық кәсіпкер қоқыстан ақша жасаудың жолын айтты
Қазақстанда қоқыстан энергия өндіріледі - парламентте заң жобасы қаралып жатыр
Депутаттар, архивтегі фото

"Үкіметтің ақылы неге соған жетпейді?!": депутат жаңа бағдарлама қабылдауды ұсынды

0
Дүйсенбиновтің айтуынша, ірі қалалардың іргесіндегі халық саны көбейіп келе жатқан ауылдарда әлі күнге дейін мәдениет ошағы мен спортзал жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов қала маңында орналасқан ауылдарды қолжетімді мәдени және спорт нысандарымен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ақ жол" фракциясының депутаты үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында елдегі ішкі миграциядан туындаған әлеуметтік мәселелерге тоқталды.

Айтуынша, астананың айналасындағы халық саны 25 мыңнан 50 мыңға дейін жететін жаңа ауылдарда әлі күнге дейін жастар бас қосатын, спортпен шұғылданатын бірде-бір спортзал немесе мәдениет ошағы салынбаған.

"Жеңіс пен жеңілістің дәмін татпаған, спортпен шынықпаған, тәрбиесі кем болған жасөспірім рухани да физикалық тұрғыдан  нашар, өзіне сенімсіз, осал болады. Өзі сияқтылардан топ құрып, қалтасына пышақ салып, қылмысқа баруының бір себебі де осы. Қараңғыда топталып көше кезбей, құрдастарымен бірге көкпар тартып, боз кілемде күресіп, алаңда футбол ойнап, спорттың ащы терін татқан бозбала қылмыскер болмас еді", - деп қапаланды Дүйсенбинов.

"Өйткені спорт деген – қарсыласын  құрметтей білуді үйрететін тәрбие көзі. Осыны біздің әлеуметтік және білім беру саласы ұмытқан сияқты", - деп толықтырды депутат. 

Ол ішкі миграция толқынына ілесе алмай, азаматтардың әлеуметтік сұранысына дер кезінде жауап бере алмай келе жатқан үкіметтің назарын тағы да осы мәселеге аударды.

"Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы жемқорлықтың ескерткішіне айналған, құны 2 миллиард долларлық ЛРТ жобасын жоспарлауға жеткен үкіметтің  ақылы неге ауылға керек шағын, қолжетімді спорт залдары мен алаңдарын салуға жетпейді?! Немесе Ақмола облысы Шортанды қаласындағы құны 30 миллиард, көпшілікке керегі жоқ, бүгінде қаңырап бос тұрған шаңғы трамплиннің орнына қазақ баласына қажет, ұлттық спортты жандандыратын жүздеген қысқы жабық ат манеждерін салуға болмас па еді?", - деп ашынды мәжілісмен.

"Полицейлердің өзі білмейді": Мыңбай жүргізуші куәлігін алу емтиханын сынға алды 

Ол қала маңындағы ауылдардың жастарына құны миллиардтан асатын салтанатты спорт сарайлары емес, қолжетімді, тегін істейтін спортзалдар қажет екенін айтты.

Осыған байланысты депутаттар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент агломерациясы мен облыс орталықтарын қоршаған ірі елді мекендердің даму концепциясын қайта қарауды және қала маңына орналасқан, халық саны көбейіп жатқан ауылдарды қолжетімді, пайдалануға ыңғайлы, қарапайым мәдени және спорт нысандарымен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын қабылдауды ұсынды.

0
Кілт сөздер:
мәдениет, ауыл, спорт зал
Тақырып бойынша
Ауылда әр отбасының мойнында 900 мың теңге кредит бар – ҰКП төрағасы
"Басқаша сөйлесеміз": Сапарбаев жұмысы шикі басқарма басшыларына шүйлікті
"Мұны есептеуге білімнің де керегі жоқ": Ордабасы мақташылары жанайқайын жеткізді