Өңірлер

Әжетхананың жанынан балалы әйел бейнесі кетпей қойды – Ақтөбе тұрғыны

© Photo : pavon.kzҚоғамдық әжетхана
Қоғамдық әжетхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбе тұрғыны жын жайлаған үйден қалай қашып құтылғанын айтып берді

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik.  Ақтөбе тұрғыны жын жайлаған үйден отбасымен бірге қашып шыққан. Қаланың іргесіндегі ауылдардың бірінде тұрған ол үнемі отбасы мүшелерінің мазасы қашып жүргенін жеткізді, деп жазды "Тілші".

Қостанай облысындағы бұлттар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында қорқынышты бұлттар тұрғындардың үрейін ұшырды
"Рас, тұрған үйіміз ескі болды. Біз оны жалдап тұрдық. Бізбен бірге тұратын студент құда баламыз үйге кіруден шошып, үлкендер келгенше далада күтіп отырған. Сөйтсек, үйдің ішінде оны бір елес мазалайтын болса керек. Тағы бірде, сырттағы әжетхананың жанынан кішкентай баласы бар әйел бейнесі кетпей қойды. Өз үйімізден өзіміз қорқа бастадық", — деді жасы 20-21 жас шамасындағы ақтөбелік.

Аты-жөнін көрсетпеуді өтінген ол ата-анасымен бірге ауылға көшіп кеткенін айтады. Көшеде жын кіріп кеткен адамдарды бірден байқайтынын алға тартады. Жасы біразға келген адамдар баланың тілімен сөйлейді. Немесе, дауысы гүжірейіп шығатын үлкен ер азаматтардың әйел дауысымен сандырақтайтын болса керек. "Ондай кезде "ішіне жын кірген екен ғой" деп жүре беретін халге жеттім" дейді тұрғын.

"Ақтөбенің ескі бөлігіндегі үйлердің бірінде де жындар жиі кезігеді. Өз басым студент қыздың бойынан жынды шығардым. Үнемі шыңғырып айқайлап жатады екен. Дем салып, жынын шығарамын. Қасымызда жүрген қыздар мен жігіттер біледі. Жын кірген сәтте олар басқа бөлмелерге қашып кеткен. Ең болмағанда екі-үш жігіт келіп, көмектессе дейсің ғой. Өйткені, бойында жыны бар адам әл бермейді. Анау-мынау ер адамдарды жерге атып ұрады. 4-5 еркек жабылғанда әлдері жетпей жатады", — дейді Ақтөбенің тұрғыны.

Ырғыз ауданында өртеніп кеткен автобус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
52 адам өртеніп кеткен автобустан түрлі дыбыстар шығады – күзетші
Әлгі бойжеткеннің бойынан жынын шығарып берген соң, жағдайдың қалай болғанын да сұрастырса керек.

"Қыздың айтуынша, көзі көрмей қалады, су қараңғы жерге қара киім киген жындар бірінен соң бірі кіріп, қатарымызға қосыласың деп қорқытатын сияқты. Қол-аяғынан жабылып ұстап алып, сілікпесін шығарады екен. "Әйтпесе, өлтіреміз" деп қылғындырады. Адам сол кезде жан дауысы шығып, айқайлай бастайды. Күші де еселенеді. Менің түсінігімде дем салу — құран сүрелерін оқып, жындарды қайтару. Жындар лас жерде жүреді. Үйде құран болса, оны жоғарыға алып қоюдың қажеті жоқ. Үнемі оқып жүру керек. Жындар құран оқылатын жерде аз болады немесе мүлдем болмайды", — дейді жігіт.

Бүгінде әңгімелесушіміз ауылда баспана жалдап тұрады. Әрдайым қолынан құран тастамай, сүрелер оқып жүретінін айтады.


Жаңалықтар
0