Өңірлер

Қызылордада мұнайшылар, кәсіпкерлер мен лауазымды тұлғалар сотталып жатыр

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуСотталушылар
Сотталушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұнай ұрлау ісі бойынша жиырмадан астам адам сот алдында жауап береді

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Қызылордада мұнай ұрлау ісі бойынша 21 адамға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбедегі мұнай ұрлау ісі бойынша күдіктілер екі айға қамауға алынды

"Сотталушы – 21 адам, олардың 12-сі қамауда отыр. Қатарында Қызылорданың кәсіпкерлері, мұнай компаниясы қызметкерлері мен күзет ұйымдарының жұмысшылары, сонымен бірге бұларға қолдау көрсеткен құқық қорғау органдарындағы лауазымды тұлғалар бар. Олардың мүддесін 21 адвокат пен жеті қоғамдық қорғаушы жақтайды", — деп хабарлады сот.

Сотталушыларға қылмыстық кодекстегі бірнеше бап бойынша айып тағылған.  

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы 16 мамырда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп еліміздің бірқатар облысында арнайы операция жүргізіп, мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтарды қолға түсірген еді.

Жаңалықтар
0