Өңірлер

Ақтауда алып бала дүниеге келді

CC0 / M Ameen / Баланың аяғы
Баланың аяғы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Ақтауда салмағы төрт килограмнан асатын 231 бала туған

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Ақтау перинатальды орталығында салмағы 5,8 килограмм, ал бойы 62 сантиметр бала дүниеге келді.  

Жаңа туған қыз бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада алып сәби дүниеге келді
Ақтау қалалық перинатальды орталығы директорының орынбасары Ғалия Балжігітованың айтуынша, бала 7 наурыз күні кесарь тілігі арқылы өмірге келген. Нәресте әзірге орталықта 2018 жылы дүние есігін ашқан ең ірі бала атанып отыр, деп жазды "Лада".  

 Ақтауда салмағы 4 килограмнан асатын жаңа туған сәбилердің саны артқан: жыл басынан бері осы орталықта 231 ірі денелі бала туған. 2016 жылы 864, 2017 жылы 960 баланың туғандағы салмағы төрт келіден жоғары болған.   

2018 жылы салмағы көп 56 бала кесарь тілігі арқылы дүниеге келген.  

Айта кетейік, перинатальды орталықтағы салмағы 1,94 килограмм тартқан ең кішкентай баланы 19 жастағы ана өмірге әкеліпті.  


Жаңалықтар
0