Өңірлер

ОҚО тауларында қыз бен жігіт адасып кеткен

© Photo : freestocks-photosҚыз бен жігіт
Қыз бен жігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қараңғыда адасып кеткен жастарды құтқарушылар бүгін таңертең тапты

АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен қыз бен жігітті құтқарды, деп хабарлайды ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Боран - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанның шығысында адасып кеткен 17 балықшы құтқарылды

21 наурыз күні сағат 20:00-де ОҚО құтқарушыларының пультіне тауда жүрген 2001 жылғы жігіт пен қыз адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 

Телефон арқылы хабарласқан жастар нақты координаттарды атай алмаған, салдарынан іздеу жұмыстары қараңғыда қиындай түсті. 

Бүгін таңғы 10:30-да ТЖД жедел-құтқару отрядының құтқарушылары қыз бен жігітті Қазығұрт ауданында, Қазығұрт тауынан тапты. Азаматтар аман-есен туыстарымен қауышты.

Жаңалықтар
0