Өңірлер

Алматыда антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді

© AP Photo / Sergei GritsПолиция, қоршау
Полиция, қоршау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланың билік өкілдері тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін сақтап, оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды сұрайды

АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Алматыда Жетісу ауданы аумағында 30 наурыз күні антитеррорлық жаттығулар өтеді, деп хабарлады Алматы қаласы терроризмге қарсы күрес жедел штабы.

Алматы сауда орталығына келушілер шұғыл түрде ғимараттан шығарылды - Sputnik Қазақстан
Видео
Алматы сауда орталығына келушілер шұғыл түрде ғимараттан шығарылды

Оқу-жаттығулардың басты мақсаты – адам көп жиналған жерде террорлық қауіп төнген жағдайда өзара іс-әрекет дағдысын жетілдіру.

Хабарланғандай, оқу-жаттығулар кезінде жүріс-тұрысты шектеу шаралары қарастырылады, сол себепті қаланың билік өкілдері тұрғындардан атқарылып жатқан амалдарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік ережелерін сақтап, жаттығуға қатысатын мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрайды.

Жаңалықтар
0