Өңірлер

Талдықорғанда ескерткіштің жанында әдепсіз би билеген қыздар ұсталды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевМәңгілік алау, архивтегі сурет
Мәңгілік алау, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық тәртіпті бұзғандар 19 және 16 жастағы қыздар болып шықты. Олардың бірі әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылып үлгерді

АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Полицейлер Талдықорғандағы Даңқ ескерткішінің жанында би билеген екі қызды ұстады, деп хабарлады Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.    

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде жас қыздар ескерткіштің жанында би билеп, әдепсіз қылық жасап жатқаны түсірілген видео жарияланған еді. Видео лезде дау туғызды. Қазақстандықтар қыздар Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткішін қорлағанын айтып шулады.  

Тәртіп сақшылары даулы видео 26 наурыз күні түсірілгенін анықтады.  

 

 

"Екі қыздың кім екені анықталды. Олар Талдықорғанға қонаққа келген. Бірі 1999 жылы туған Іле ауданының тұрғыны болса, екіншісі 2002 жылы туған Алматыдағы орта мектептердің бірінің оқушысы", — деп хабарлады баспасөз қызметі. 

 Бүгін сот қыздардың бірін жазалағаны белгілі болды. Құқық бұзушылық ұсақ бұзақылық ретінде қаралған.  

22 жастағы бойжеткен 6 тәулік бойы тоқтамастан билеп, әлемдік рекорд орнатты - Sputnik Қазақстан
Видео
22 жастағы бойжеткен 6 тәулік бойы тоқтамастан билеп, әлемдік рекорд орнатты

"Сот қыз қоғамдық орында, атап айтқанда Талдықорған қаласындағы Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне орнатылған ескерткіште билегенін, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толығымен мойындап, өкінді", — деп жазылған Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының хабарламасында.  

Қыз екі күнге қамауға алынды. Видеороликтің екінші кейіпкері үшін қандай жаза берілгені хабарланбай отыр. 


Жаңалықтар
0