Өңірлер

Алматыдағы ең қауіпсіз сауда орталықтарының тізімі жарияланды

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуАпаттық шығу
Апаттық шығу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қауіпсіз нысандар қатарында ірі сауда орталықтары ғана емес, автовокзал мен қалалық базарлар да жатады

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Алматы қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ең қауіпсіз сауда орталықтарының тізімін ұсынды.

ТЖД атап өткендей, 2 сәуір мен 6 сәуір аралығында 22 нысанды тексеру басталды. Нәтижесінде 388 ереже бұзу жайты анықталған.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Алматы ТЖД келесі нысандарды қауіпсіз деп санайды:

  • "Достық Плаза" СОО;
  • "Глобус" СОО Абай даңғылы, 109 "В";
  • "Спутник" СОО Мамыр-1  шағын ауданы 8 "А";
  • "Март" СОО Р. Зорге көшесі, 18/4;
  • "ТехноДом" СҮ Наурызбай батыр көшесі, 49/61;
  • "Тастақ" базары Төле би көшесі, 266;
  • "Өжет" базары Бекболат көшесі, 2/91;
  • "Қазына" базары Солтүстік шеңбер 64;
  • "Сайран" автовокзалы Төле би көшесі, 294.

Жаңалықтар
0