Өңірлер

Таразға жаңа әкім тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымжан Әбдірайымов бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған

АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Ғалымжан Әбдірайымов Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды. 

"Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі өкімімен Ғалымжан Райылұлы Әбдірайымов Тараз қаласы әкімі болып тағайындалды", — деп хабарлады turaninfo.kz ақпарат агенттігі.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Қарулы күштерде кадрлық ауыс-түйіс жасады

Ғалымжан Әбдірайымов 1965 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы", 2003 жылы "Тұран" университетін "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы "Шығыс" колхозында құрылыс учаскесінің мастері болып бастаған. 

1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, "Алрай" шаруа қожалығының төрағасы, "Альтаир" ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры, 1998-2002 жылдары Алматы қалалық орталық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, 2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары, 2003-2009 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2017 жылдың 15 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 


Жаңалықтар
0