Өңірлер

Алматыда "дипломат" көлігінің жүргізушісі ұсталды

© Photo : Рixabay/StockSnapЕр адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Дипломат" қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып алып, өзге жүргізушілермен ұрсысқан

АСТАНА, 23 сәуір — Sputnik. Алматы полициясы қарама-қарсы қозғалыс жолағымен жүрген "дипломат нөмірін таққан" көлік жүргізушісін тапты.

Оқиға куәгері көлікті видеоға түсіріп, Instagram желісіндегі Kris_p_almaty тобында жариялаған.

Ескерту! Бейнежазбада балағат сөз айтылады.

Полиция мәліметіне сүйенсек, Lada Largus көлігіне жалған дипломат нөмірі орнатылған.

"Құқық бұзушы ұсталып, үш әкімшілік хаттама толтырылды. Деректер мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді", — деп хабарлады полиция.

Жаңалықтар
0