Өңірлер

Өскеменде оқиға орнына асыққан полиция патрулі апатқа ұшырады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПолиция патрулі
Полиция патрулі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті тұрғындар тәртіп бұзылғандығы жөнінде хабарлап, полиция шақырған екен

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Өскеменде полиция патрулі гүлзар қоршауына соғылып қалды.

Автокөлік айнасы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Прокуратура: жас жігітті қағып өлтірген шенеуніктің қасында Өскемен әкімі де болған

Жергілікті тұрғындар тәртіп бұзылғандығы жөнінде хабарлап, полиция сол мекенжайға асығып бара жатқан екен. Алайда олар оқиға орнына жетпей апатқа ұшырады.

"Таңғы алтыда көлік Гагарин гүлзарындағы қоршауға соғылды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған", — деп мәлімет берді ШҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

"Алтай Ньюс" басылымы жазғандай, жүргізуші полицейге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған, қызметтік тексеру басталып кеткен.

Жол апаты салдарынан полицейлер зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтар
0