Марихуана, архивтегі сурет

Қазақстан шекарасында денесіне есірткі жасырған ресейлік ұсталды

163
(Жаңартылды 14:33 02.05.2018)
Ер адам алты пакет марихуананы денесіне скотчпен орап тастаған

АСТАНА, 29 сәуір — Sputnik.  Денесіне есірткі жасырып алып өтпек болған ресейлік Қазақстанмен шекарада ұсталды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

"ҚР ҰҚКД шекара қызметі 600 грамнан астам марихуана салынған алты пакетті денесіне скотчпен орап, шекарадан алып өтпек болған Ресей Федерациясының азаматын ұстады", — деп ақпарат берді ІІД.

ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабына сәйкес күдікті бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер 55 килограмнан астам әртүрлі есірткі заттарын тәркіледі, оның ішінде 232 грамнан астам героин бар.   


163
Нұр-Сұлтан

Синоптиктер 19 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады

47
Бірқатар облыста найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейсе, кейбір өңірде үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігі солтүстік антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына әлі де солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс және шығысында тұман түсіп, жел15-20-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстік және орталығында тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік және орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батыс, батыс және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстік және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және орталығында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +8..+10 °C, түнде +1..+3 °C. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Алматыда күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +31..+33 °C, түнде +18..+20 °C.

Шымкентте күн ашық, ауа температурасы күндіз +28..+30 °C, түнде  +13..+15 °C болады.

47
Озеро Капшагай

Қапшағай маңындағы жарылыс видеоға түсіп қалды - мамандар түсініктеме берді

1199
(Жаңартылды 16:35 18.09.2021)
Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алаңдауға негіз жоқ екенін, бұл кен орнындағы жоспарлы жарылыс екені хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Әлеуметтік желіде Қапшағай маңындағы жарылыстың видеосы жарияланды. Тұрғындар түсірген видеодан аспанға көтерілген қою түтінді көруге болады.

Желі қолданушылары алаңдаушылық тудырып, бұл ауданда әскери бөлімдер бар екенін жарыса жазды. Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бұл қиыршық тас өңделетін кен орнында жүргізілген жоспарлы жарылыс екенін хабарлады.

"Бұл қиыршық тас өңделетін карьер аумағындағы жоспарлы жарылыс. Зардап шеккендер жоқ", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Азамат Жұртбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оның айтуынша, кен орны Қапшағай қаласының маңында орналасқан. Жоспарлы жарылыс жүргізілетіні жергілікті тұрғындарға алдын ала хабарланады.

Еске сала кетсек, 26 тамыз кешке Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің қоймаларының бірінде өрт шығып, артынан оқ-дәрілер жарыла бастады. Кем дегенде 10 жарылыс болған. Салдарынан 17 адам қаза тапты. 

Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны Таразға көшірілді. Оқиғадан кейін қорғаныс министрі болған Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

1199
Ресей мемлекеттік думасының депутаттарын сайлау

Ресейдегі сайлау: Қазақстанда дауыс беру учаскелері ашылды

0
Қазақстанда дауыс беру учаскелері бес қалада ашылды, олар таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек –  Sputnik. Қазақстанда бес қалада сайлау учаскелері ашылды. Ол жерде Ресей азаматтары дауыс бере алады.

Ресейдің Мемлекеттік дума депутаттарының сайлауы 17 қыркүйекте басталған болатын. Бүгін - сайлаудың соңғы және негізгі күні. Осы жолы алғаш рет дауыс беру науқаны үш күнге созылып отыр. Негізгі мақсат – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және санитарлық талаптарды барынша сақтау.

Сайлау аралас жүйе бойынша өтіп жатыр. Атап айтқанда, 225 депутат партиялық тізім бойынша сайланса, тағы 225 депутат бір мандатты сайлау округтарынан думаға өтеді. Олар бес жылға сайланады.

Биылғы сайлауға 14 партия қатысып отыр. Олар:

  • Ресей Федерациясының коммунистік партиясы;
  • "Жасылдар"
  • Ресейдің либералды-демократиялық партиясы;
  • Жаңа адамдар; 
  • "Біртұтас Ресей" партиясы;
  • Әділетті Ресей;
  • Яблоко;
  • Өсім партиясы
  • Ресейдің әділеттілік пен еркіндік партиясы;
  • Ресей коммунистері;
  • Азаматтық платформа;
  • Жасыл альтернатива;
  • Отан
  • Зейнеткерлер партиясы.

Партиялық тізімдер бойынша 3 812 кандидат тіркелсе, бір мандатты окрутардан 2 020 үміткер шықты. Мәскеу мен Санкт-Петербургте бәсекелестік жоғары болып тұр.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Ресейде тұратын дауыс берушілердің жалпы саны – 108 145 648 адам. Бұдан бөлек, шетелде 2 047 140 адам тұрады. Ал Байқоңыр қаласында 12 515 сайлаушы бар.

Қазақстанда жүрген ресейліктер қай жерде дауыс береді

Ресейдегі сайлауға байланысты Қазақстанда бірнеше дауыс беру учаскесі ашылып отыр. Олар бес қалада орналасқан.

Нұр-Сұлтан, Ресейдің мәдениет және ғылым орталығы, Кенесары көшесі, 39 үй. Ол жерде  Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола мен Қарағанды облыстарының тұрғындары дауыс береді. Телефон: 8 (7172) 32-05-15, 8(7172) 44-08-05;

Алматы, Жандосов көшесі, 4 үй; телефон: 8 (727) 274-61-22;

Приозёрск, Офицерлер үйі, Кисунько көшесі, 1/2 үй; телефон: 8 (71039) 5-21-44;

Орал, Ресейдің бас консулдығы, Мұхит көшесі, 78 үй; телефон: 8 (705) 847-78-61;

Өскемен, Ресейдің бас консулдығы, Орджоникидзе көшесі, 2 үй; телефон: 8 (7232) 26-29-59.

Қазақстанда дауыс беру таңғы сағат 8.00-де басталып, кешкі 20.00-де аяқталады. 18 жастан асқан сайлаушы ғана дауыс бере алады. Ресей Федерациясының төлқұжаты болуы шарт.

Қазақстан атынан сайлауды кім бақылайды

14 қыркүйекте Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Ресей федералдық жиналысының мемлекеттік дума депутаттарының сайлауына жіберілетін бақылаушылардың тізімін бекіткен болатын. Олар ТМД мен ШЫҰ атынан баратын бақылаушылардың құрамына кіреді. Қазақстандық делегацияның құрамына Орталық сайлау комиссиясы мен дипломатиялық корпус өкілдері енді.

0