Өңірлер

Алматы Барысы: бас жүлдені кім жеңді?

© Photo : Информационно-спортивный ХАБДәурен Нұралинов
Дәурен Нұралинов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеңімпаз алтын белдік пен Lada Priora көлігін ұтты, ал оның ақтық сындағы қарсыласы күміс белдік пен 300 мың теңге иеленген

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Қазақ күресі бойынша жыл сайын өтетін "Алматы Барысы" турнирінде Түрксіб ауданы балуаны Дәурен Нұралинов жеңіске жетті, деп хабарлайды ақпараттық-спорттық ХАБ.

Қазақстан барысының финалы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Спорт
Астанада "Қазақстан Барысы" турниріне іріктеу өтеді

Ақтық сында Нұралинов былтыр чемпион атанған Медеу ауданы балуаны Руслан Әбдірзақовтан басым түсті. Қарсыласының салмағы 132, яғни өзінен он келі артық болғанына қарамастан, Дәурен жеңімпаз атанды.

"Турнирді жеңіп алғаныма қуаныштымын. Барынша дайындалдым, финалдағы қарсыласым да мықты болды. Русланды жақсы білемін. Танымал әрі мықты спортшы. Енді алда "Қазақстан барысы" бар, жеңістен үмітімізді үзбейміз", — деді Дәурен Нұралинов.

Үшінші орын үшін жекпе-жекте Түрксіб ауданынан шыққан Жайдар Сайлаубаев Алатау ауданының балуаны Елдар Нәсиевті ұтып, қола белдік пен 100 мың теңгені қанжығасына байлады.

Турнир жеңімпазына сыйға Lada Priora көлігі мен алтын белдік, ал күміс жүлдегерге белдік пен 300 мың теңге берілді. Енді олар республикалық "Қазақстан Барысы" турнирінде Алматы қаласының намысын қорғайды.

Жаңалықтар
0