Өңірлер

Шахтинскте колония қызметкері сотталушыларды төбелестіріп қойған

© Sputnik / Болат ШайхиновКолония, архивтегі сурет
Колония, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АК 159/6 түзеу колониясының бұрынғы басшысына сотталушыны соққыға жығуды бұйырды деген айып тағылды

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында АК 159/6 түзеу колониясының бұрынғы басшысына қатысты сот басталды. Ол қарамағандығылар мен сотталған азаматтарға кісі өлімімен аяқталған бұйрық берген деп айыпталып жатыр. Бұл туралы КТК хабарлады.

Түрме - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Түрмеде аузын тігіп тастаған қырғызға қатысты мән-жай белгілі болды

Аталған колонияда былтыр наурыз айында Валерий Чупин деген жазасын өтеуші алған соққылардан есін жимастан жан тапсырған еді. Сөйтсе, оны екінші бір жазасын өтеуші оңдырмай сабаған екен. 

Тергеу барысында ол бұл жөнінде бұйрықты колония қызметкері Виталий Зарецкийден алғанын жайып салған. Содан Зарецкий былтыр қазан айында қамалды. Ал сол кезде колония бастығының міндетін атқарушы болған Бауырбек Шотаев былыққа жол бергені үшін сөгіс алып, қызметі төмендеген. Алайда процестердің бірінде Зарецкий сотталушыны соққыға жығуды сол Шотаев бұйырғанын жеткізген. Осының негізінде бұрынғы басшы да тергеу абақтысына жабылды. Енді Виталий Зарецкийдің анасы бастықтың бұйрығын орындағаны болмаса, баламның кінәсі жоқ деп отыр. 

"Мұндай жерде бастықтың бұйрығынсыз ештеңе жасалмайды. Әркімнің атқаратын жұмысы қатаң бақыланады. Ал мұндай тапсырма тек жоғарыдан ғана беріледі. Шені төмен менің балам өз бетімен ешкімге де бұйрық бере алмайды. Оның үстіне кикілжің марқұм мен бастықтың арасында болған", — дейді В.Зарецкийдің анасы Валентина Зарецкая.  


Жаңалықтар
0