Өңірлер

Батыс Қазақстанда үй ауласынан снаряд табылды

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуСнаряд
Снаряд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Артиллериялық снаряд жүз жылдан астам жерде жатқан

АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Новенькое ауылында снарядқа ұқсас зат табылды, деп хабарлайды ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Ұлы Отан соғысы - Sputnik Қазақстан
Ресейде із-түзсіз жоғалған қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

Снаряд 8 мамырда сағат бірден кейін жеке үйдің ауласынан табылған.

"Арнайы іс-шаралар барысында анықталғандай, артиллериялық снаряд азаматтық соғыс кезінен бері жатыр екен (тат басқан, ұзындығы — 25-30 сантиметр, диаметрі — 7-8 миллиметр)", — деп хабарлайды ТЖК.

Екі сағаттан кейін саперлер снарядты жойды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0