2018 жылдың 14 мамырында Зырян ауданында жауған қар

Еліміздің шығысында қар түсті

29
(Жаңартылды 19:42 15.05.2018)
Шығыс Қазақстанда мамыр айында қар жауып, жұртшылықты таңғалдырды

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Желіде қолданушылар Шығыс Қазақстанда жауған қардың суреттерімен бөлісіп жатыр.

Қолданушылардың бірі Өскеменнен 85 шақырым жерде орналасқан Сібі көлдерінің суретін жариялаған. Фотоны көріп біреулер таңғалса, біреулер мұңайып жатыр.

"Маусымда қар жауса, таңғалмаспын", "Жаз, қайдасың", "Көктем есінен адасты", — деп жазады қолданушылар.

"Қандай әдемі", "Фотографтар мен суретшілердің шағы", "Тамаша", — дейді басқалары.

Тағы бір қолданушы Зырян ауданындағы жолдың суретін жариялап, астына "Жаз шықпайтын сияқты" деп жазды.

Синоптиктер хабарлағандай, 15-17 мамыр аралығында еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы бұл күндері республиканың солтүстік бөлігінде климаттық нормадан төмендеп, ал оңтүстік өңірлерде нормаға жақын болады.

1 / 5
2018 жылдың 14 мамырында Зырян ауданында жауған қар
29
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, қар, көктем, ауа райы қолайсыздығы
Тақырып:
Ызғарлы көктем (13)
Түркістандағы мешіт

Өзбекстан президенті Түркістанда зәулім мешіт салып жатыр фото

147
(Жаңартылды 17:14 03.08.2021)
Көрші мемлекеттің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтерді.

Жобаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр. Көрші мемлекеттің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланған, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мечеть, которую строит Узбекистан в Туркестане
© Photo : пресс-служба акима Туркестанской области
Түркістан қаласында Өзбекстан салып жатқан мешіт

Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіліп жатыр. Жаңа жоба жан-жақты зерделенген. Әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарында болды. Жауапты басшылармен кездесіп, тапсырмалар жүктеді.

Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынатын жаңа мешітте 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде салынып жатыр. Ислам орталығының жалпы көлемі – 20 000 шаршы метр.

147
Телефон, әлеуметтік желі

Телефон қоңырауына жауап берген Сарыағаш тұрғыны 500 мың теңгеден айырылды

165
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Ұсталған әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Сарыағаштық әйел танымайтын адамның есепшотына жарты миллион теңге аудара салған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық полиция бөліміне хабарласқан әйел алаяққа қалай алданғанын айтып берді. Оның айтуынша, белгісіз біреу қоңырау шалып, "Сіз пәтер ұтып алдыңыз, соны алу үшін 500 000 теңге аудару керексіз" деп айтқан. Содан ол танымайтын адамның есепшотына 500 000 теңге аударды. Осыдан кейін алаяқ әйел телефон көтермей қойды. Сол кезде Сарыағаш тұрғыны алданып қалғанын түсінген.

Қазіргі кезде Қылмыстық Кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Сол жақтан хабарласып, алдап кеткен. Ақшасын да жұмсап үлгерді.

Тәртіп сақшылары оны Түркістан облысына жеткізді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Ұсталған әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

Оқи отырыңыз: Жетпіс адамды алдаған оралдық әйел ұсталды

165
Кілт сөздер:
алаяқтық, Сарыағаш, пәтер
Тақырып бойынша
Ұрлық жасаған: "Nur Otan" партиясының атынан сайланған депутат ұсталды
Пәтер ұтысына тегін қатысу үшін не істеу керек – жеңімпазды анықтау ережесі
Талдықорған әкімдігінің лауазымды тұлғалары пандемия кезінде қылмыс жасаған
Сарыағашта электр бағанасына өрмелеп шыққан маймыл жұртты әбігерге салды – видео
Қазақстанның алты қаласында "театр" алаяқтық жасады
Автомат в руках афганского ополченца в Мазари-Шарифе

ҰҚШҰ тәлібтердің шабуылына төтеп беруге дайындалып жатыр

0
Орталық Азия елдері мен Ресей Ауғанстанмен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуды көздегенімен ауған жеріндегі ондаған террористік топ бар екенін ұмытып отырған жоқ

Ресей мен Өзбекстан әскерінің бірлескен оқу-жаттығулары 2 тамызда өзбектердің Ауғанстанмен шекаралас Термез тау полигонында басталды. Әскери топтар Өзбекстанның аймақтық бүтіндігін қамтамасыз ету және қорғау бойынша әрекеттерді пысықтап жатыр. Оқу-жаттығу барысында құрлықтағы күш, соққы жасау авиациясы, заманауи барлау және нысанды анықтау жүйелері қолданылды.

Маневрлерге 1500 сарбаз бен офицер, 200 әскери техника, ресейлік Кант авиабазасындағы Су-25СМ шабуылдаушылар тобы тартылды. Ұшқыштар әуеден жасалған соққы арқылы бірлескен әскердің әрекеттеріне қолдау көрсетеді.

ҰҚШҰ күштері де тыс қалған жоқ. Ресейдің Кант біріккен әскери авиабазасы – жедел әрекет ету бойынша ұжымдық күштердің авиациялық компоненті. Кант авиабазасы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің территориясы мен әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

1 тамызда 200-ге жуық өзбек әскери қызметкері Ауғанстанмен шекаралас Харб-Майдон тәжік полигонына келді. Мұнда 5-10 тамыз аралығында Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстан әскерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтеді. Ол әрекеттер осы үш мемлекеттің бірлескен әскери топтарының соғыс кезіндегі үйлесімділігінен басталады. Жалпы Термез бен Харб*-Майдон полигондарындағы шекаралық оқу-жаттығулар Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстанның бірлескен операциясына айналғаны байқалады. Бір ескеретін жайт, Өзбекстан ҰҚШҰ құрамына кірмейді. Алайда ол өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп әрекет ету қажеттілігін түсініп отыр.

Азаматтық соғыспен әуре болып жатқан тәлібтер Орталық Азия елдеріне басып кіруді жоспарлап отырған жоқ. Әйтсе де ҰҚШҰ шекарасындағы жағдай алаңдауға тұрарлықтай. Шілденің басында "Талибан"* Ауғанстанның бес ел – Иран, Түрікменстарн, Тәжікстан, Қытай және Пәкістанмен және Кашмир аумағымен шекарасын бақылауға алды. Мәскеу Ауғанстандағы биліктің тәлібтердің қолына өтуіне және түрлі сценарийге дайын. Бұл туралы күні кеше президенттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, Азия СІМ екінші департамент директоры Замир Кабулов мәлімдеді.

Ауғанстанмен 1344 километрге созылып жатқан ортақ шекарасы бар Тәжікстанның жайы қатты алаңдатып отыр. Ресей "Талибан"* мен басқа да террористік ұйымдарға өз одақтастарын қорғауға дайын екені туралы ескертті. Қажет болған жағдайда ресейлік 201-ші әскери база Тәжікстанға жедел көмек көрсетеді. Осы тұста Орталық әскери округтің жауынгерлік әлеуетінің нығаю мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Ауғанстандағы жағдай шиеленіскен соң 201-ші база айтарлықтай нығайтылып, бирагадалықтан дивизиялық штатқа ауыстырылды және жаңа соғыс техникасымен қамтамасыз етілді.

Ресей шекарашылары тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатыспайды. Бірақ Тәжікстанға Ресей федералды қауіпсіздік қызметіне қарасты шекара кеңесшілер тобы көмектеседі. Мемлекеттік шекараның беріктігінде соғыс авиациясының рөлі маңызды. Сондықтан Пянж өзеніне жақын жерде, Гиссар аэродромына ресейлік Су-25 шабуылдаушы ұшақтары орналастырылды.

Ауғанстанның түрлі провинциясында қақтығыстар жалғасып жатыр. Нангархар, Пактия, Пактика, Логар, Кандагар, Герат, Фарьяб, Джаузджан, Балх, Саманган, Гильменд, Тахар, Кундуз, Баглан және Каписа провинцияларында соғыс белең алды.

1 тамызға қараған түні тәлібтер Кандагар әуежайына зымыранмен шабуыл жасап, осыдан кейін барлық рейс тоқтатылды. Гератта содырлар БҰҰ кеңсесіне шабуыл жасады. Яғни кешенге кіреберіске гранатомет пен пулеметтен оқ атылып, адамдар мерт болды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани бүгін парламенттің төтенше отырысын жариялап, үкімет ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың алты айлық жоспарын іске асыруға кіріскенін мәлімдеді.

Біраз бұрын "Талибанның"* баспасөз хатшысы Twitter-аккаунтында әскери-діни қозғалыс содырларының суреттерін жариялады. Олар америкалық арнайы жасақтан еш кем түспейтіндей деңгейде жабдықталған.

АҚШ елден кеткеннен кейін ауған қарулы күштерінің болашағы күдікке толды. Бұл ең алдымен жанармай жеткізетін сенімді көздің болмауына қатысты. Ауғанстанды қалыпқа келтіру бойынша арнайы бас инспектордың жаңа есебіне сәйкес, Пентагон соңғы 10 жылда ауған қауіпсіздік күштеріне жанармай жеткізу үшін 3,74 миллиард доллар жұмсады және 2025 жылға қарай тағы 1,45 миллиард доллар жұмсауы қажет.

Мұнда басты проблема логистика болып отыр. Ауғанстан мен Түркия әскери ведомстволарының басшылары Бисмилла Хан Мохаммади мен Хулуси Акар 31 шілдеде телефон арқылы Кабул әуежайының қауіпсіздігін талқылады. Соған қарағанда бензин мен дизель отынын авиатанкерлер арқылы жеткізудің жолы қарастырылмақ.

НАТО-ның әскери нұсқаушылары Түркияда ауған арнайы жасағын даярлауды бастады. Сонымен қатар 200 ауған аудармашысынан тұратын бірінші топ АҚШ-қа, Вирджиниядағы Форт Ли базасына қоныс аударды.

* – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

0