Өңірлер

Өскеменде қар түсті

© Sputnik / Болат Шайхиновқар
қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы бүгін сегіз градусқа дейін көтеріледі

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Өскеменде сенбі таңертең қар түсті, бірақ ауа температурасы нөлден жоғарыны көрсетіп тұр. Қала тұрғындары мамырда жауған қардың видеосы мен суреттерін желіде жарыса жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Синоптиктер Шығыс Қазақстанда қар жауатынын ескерткен болатын. Алдымен қар Риддер мен Зырянов ауданындағы тауларда түсті, кейін Семей – Павлодар жолында жауды. 

Қардың қалың түсуіне қарамастан, ол күннің соңына дейін еріп кетуі тиіс, өйткені синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы сегіз градусқа дейін көтеріледі. 

Екі апта бұрын Алматы облысында қар жауған еді, сәуірде Ақтөбе, Астана мен Қостанайда қар түсті. 

Жаңалықтар
0