Өңірлер

Өскеменде Wi-Fi тарататын көше шамдары іске қосылады

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАвтокөліктер, архивтегі фото
Автокөліктер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл шамдар бұрынғыға қарағанда жарық әрі 65 пайызға дейін үнемді

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik.  Өскеменнің негізгі көшелерінде   қазірдің өзінде бірқатар ақылды көше шамы орнатылған, деп хабарлады Алтайньюс. 

Мәселен, қазір Қазақстан көшесі түнгі уақытта самаладай жарқырап тұр. Жарық берумен қатар Wi-Fi тарату, ұялы байланыс желісін кеңейту секілді бірнеше функцияны да қатар атқарады.

Орындық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада тілектерді орындайтын "сиқырлы" орындық пайда болды

Оны орнатумен айналысқан LED Solution компаниясының өкілдері алдағы уақытта да өңірде бірлесе жұмыс істеуге ниетті. Олар бүгінге дейін Өскемендегі бес орталық көшеге екі айдың ішінде 501 көше шамын орнатқан. Компания мұндай ақылды шамдардарды ойлап тапқан америкалық Ubicell компаниясымен бірлесе жұмыс істеуде.

Бұлармен одан әрі жұмыс істеу мәселесі облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен тараптар арасындағы кездесу барысында жан-жақты талқыға салынды.

– Біз жарық диодты шамдарды шығарумен айналысамыз. Бұрын шам ғана шығарсақ, енді күш біріктіріп олардың технологиясын, былайша айтсақ "миын" қолданып, ақылды шамдар шығарып жатырмыз. Бұл шамдар бұрынғыға қарағанда жарықтығымен қоса, 65 пайызға дейін үнемділік әкеледі, — деді шамдарды таныстыру рәсімінде LED Solution компаниясының директоры Қаныбек Айтақов.

Назарбаев даңғылын үңгілеу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда үш жаңа жолайрық салынады

– Ең бастысы, компания бәсекеге қабілетті екенін іс жүзінде көрсетуі тиіс. Сіздердің айтқандарыңыз көңілге қонымды. Тағы бір мәрте көзімді жеткізу үшін бүгін түнде қала көшелерін тағы бір аралап көріп шығамын. Байқаймын, Қазақстан көшесі мен Орталық мешіт маңы жарық бола түскендей, — деген облыс әкімі компания өкілдеріне қайырымдылық көмегі ретінде алдымен Орталық мешіттің барлық қабырғалық шамын ауыстырып шығуды тапсырды.


Жаңалықтар
0