УАЗ

Ақмола облысында УАЗ суға батып кетті

87
(Жаңартылды 20:06 28.05.2018)
Көлік жүргізушісі аман қалды. Қазір жол учаскесіне құм төгіліп, "айналып өтіңіз" деген белгі қойылған

АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғындары әлеуметтік желіде таратқан видеода Қорғалжын – Арықты жолын су алып кетіп, салдарынан УАЗ көлігі батып кеткен. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеода жергілікті тұрғын Садырбай өзені бір апта бұрын аңғарынан асқанын айтады.

 

 

"Жергілікті әкімдік ахуалды бақылап отырмыз, жол жабық, көліктер айналма жолмен қатынайды дейді. Бірақ шын мәнісінде олай емес. Ақыры, міне, көлік суға батып кетті. Жергілікті ер-азаматтар көріп қалып, жүргізушіні шығарып алды", — деп әңгімелейді әйел.

Видеоның авторы айтқандай, жауапты тұлғалар бұл үшін жазалануы тиіс.

Оқиғаны Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі түсіндірді.

"23 мамырда "Қорғалжын-Арықты" жолының 38-ші километрін "Садырбай" көлінің суы алып кеткен, "УАЗ 3962" жүргізушісі, Қорғалжын ауылының тұрғыны суды кешіп өтпек болып, рөлге ие бола алмай, жыраға түсіп кетті", — делінген хабарламада.

Полиция атап өткендей, әкімдік, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар көлікті судан алып шығу үшін уақытылы шара қолданған.

"Оқиға салдарынан жүргізуші зардап шеккен жоқ. Қазір жол учаскесіне құм төгіліп, айналып өту белгісі қойылған, айналма жол бар", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

87
Кілт сөздер:
суға батты, көлік, Ақмола облысы
Архивтегі фото

Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскені үшін үш жылға сотталды

1457
(Жаңартылды 16:00 24.11.2020)
Сот жас жігіттің бұрын сотталмағанын, жәбірленуші мен оның заңды өкілі оған ешқандай талап қоймағанын және соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрағанын ескерді

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Ақтөбеде 15 жастағы сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскен 17 жастағы бозбалаға қатысты сот үкімі шықты. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады "Мой город" басылымы.

Қыздың анасы олардың бірге жүруіне қарсы болған, соған қарамастан екеуі бірнеше рет үйден қашып кетеді. Соған ашуланған әйел полицияға жігіттің үстінен арыз жазған. Олардың интимдік қарым-қатынаста болғаны анықталған. Қыз келісім жасына жетпегендіктен (Қазақстанда ол 16 жастан басталады), жігіт қыркүйекте қамауға алынды.

Мән-жайды білген қыздың анасы ісіне өкініп, кінәрат-талабы жоқ екенін айтқан. Алайда полиция қылмыстық істі тоқтатудан бас тартты: бұл бап бойынша тараптардың татуласуына заңмен тыйым салынған.

24 қарашада Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Қылмыстық кодексінің 122-бабы "он алты жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынас жасау" бойынша айыпталушыға қатысты іс қаралды.

Оқи отырыңыз: Жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу бабын қатаңдату керек пе – заңгер пікірі 

Сот колледж студентінің 2005 жылы туған жәбірленушімен, яғни 16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынас жасағанын анықтады. Сотталушының кінәсі сотталушы мен жәбірленушінің берген түсінігімен, сондай-ақ жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлардың, сарапшылардың және сот сараптамаларының қорытындыларымен толық дәлелденді.

Прокурор сотталушыға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда сот жас жігіттің бұрын сотталмағанын, тұрғылықты жері мен оқу орны тарапынан жақсы сипаттама берілгенін, жәбірленушімен татуласқанын, жәбірленуші мен оның заңды өкілі оған ешқандай талап қоймағанын және соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрағанын ескерді.

Нәтижесінде жас жігіт үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Орал қаласының 20 жастағы тұрғыны 12 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін бас бостандығынан айырылмады. Бұл іс бойынша алқабилер шешім қабылдады, оның ішінде жеті әйел, үш ер адам бар. Шешім көпшілік дауыспен қабылданды. Алқабилер жыныстық қатынасқа қыз өз келісімін берген деген тұжырым жасады. Сондай-ақ, қыздың психикалық және физиологиялық дамуына байланысты жыныстық қатынастың мәнін түсінетіні айтылды.

Алқабилер ер адамның кәмелетке толмаған баласының бар екенін, сондай-ақ бұрын-соңды сотты болмауын жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға еш негіз жоқ деп есептеді, сол себепті алқабилер дауыс беріп, ер адамды 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарды.

1457
Кілт сөздер:
жыныстық қатынас, бозбала
Тақырып бойынша
Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталуы мүмкін
Дана Нұржігіт балаларға жасалатын азғындықты тоқтатудың жолын айтты
Маңғыстау облысында ер адам жасөспірім қызды алып қашты
Батыс Қазақстанда 15 жасында тұрмысқа шыққан қыз туралы тың дерек шықты
12 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен Орал тұрғыны неліктен қатаң жазаланбады?
Қоқыс, зауыт

Қазақстанның бірнеше қаласында қоқыстан энергия өндіретін зауыт салынады 

31
(Жаңартылды 10:41 24.11.2020)
2025 жылға қарай қоқысты қайта өңдеу деңгейін 30%-ке, яғни орта еуропалық деңгейге жеткізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның алты қаласында пилоттық режимде тұрмыстық қатты қалдықтарды өртеу арқылы энергия өндіретін зауыт салынады. Жоба сәтті жүзеге асса, зауыт құрылысы басқа қалаларда да басталады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр қалдықтарды өңдеу деңгейін арттыру үшін заңнамалық деңгейде Waste to energy технологиясы енгізілетінін еске салды. Бұл дегеніміз, қоқысты жағу арқылы электр энергиясы өндіріледі, сосын ол жалпы электр желісіне сатылады. Жуырда президент тиісті заңға қол қойған.

"Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған пилоттық жобалар бірінші кезенде алты қалада жүзеге асады. Бұл Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент. Бүгінгі күні әкімдіктермен бірлесіп, жер учаскелері, инфрақұрылым және зауыттардың қалдықтармен кепілді жүктелуі мәселелерін пысықтап жатырмыз", - деді Мырзағалиев үкімет отырысында. 

Пилоттық жобалар сәтті жүзеге асса, зауыттар басқа қалаларда да салынады. 

Осы технологияның арқасында біз 2025 жылға қарай қоқысты қайта өңдеу деңгейін 30%-ке,  яғни орта еуропалық деңгейге жеткіземіз, деп толықтырды ведомство басшысы.

31
Тақырып бойынша
Жас отбасы 6 миллион теңге ақша салынған пакетті байқаусызда қоқысқа тастаған
Кассалық чекті дереу қоқысқа тастау керек
Министр Тоқаевтың қоқысқа қатысты тапсырмасы қалай орындалатынын айтты
Астаналық кәсіпкер қоқыстан ақша жасаудың жолын айтты
Қазақстанда қоқыстан энергия өндіріледі - парламентте заң жобасы қаралып жатыр
Нұрсұлтан Назарбаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады

Елбасы Юрий Пяға қолдау көрсетуге уәде берді

0
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. "Назарбаев Университет" дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

"Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз", – деді Елбасы.

0
Кілт сөздер:
Назарбаев, медицина
Тақырып бойынша
Adal партиясына Назарбаевтың күйеу баласы қолдау көрсететіні рас па?   
Елбасы үш кездесу өткізді: ұлттық қауіпсіздік мәселесі сөз болды  
Назарбаев қазақ тіліне қатысты тапсырма берді
Қазақстандағы оппозициялық партия қайсы – ҚКХП өкілі жауап берді
Назарбаев праймеризге қатысты тапсырма берді
Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсіп жатыр – Назарбаев