Өңірлер

Ертең еліміздің бірнеше өңірі мен Астанада дауыл болады

© Sputnik / Болат Шайхиновдауыл
дауыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірнеше облыста қатты жел болып, жаңбыр, бұршақ жауады

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Қазгидромет 5 облыс пен үш қалада дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, күндіз екпіні 23 м/с жел соғады.  

Шығыс Қазақстан облысы бойынша түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Кей жерлерде жаңбыр, өңірдің шығысындағы тауларда жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар), найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. 

Өскемен қаласында ертеі жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 30 м/с-ке дейін күшейеді. Кей жерде найзағай, дауыл болады, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертен кей жерде тұман болады. 

Астана қаласында 31 мамырда оңтүстік-батыс, батыстан  соғатын желдің екпіні  15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертен тұман түседі.

Петропавл қаласында оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады деп болжанып отыр. Найзағай, дауыл болады, бұршақ түсіп, түнде және таңертен тұман түседі. 

 

Жаңалықтар
0