Өңірлер

Шұңқырға құлаған 5 жасар бала мен оны құтқармақ болған ер адам тұншығып өлді

© Sputnik / Еркен СалиховШұңқыр
Шұңқыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайғылы оқиға Орал маңындағы саяжайда болған

АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Оралда 5 жасар бала мен оны құтқармақ болған ер адам қоқыс төгетін шұңқырға құлап, тұншығып өлді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда жоғалып кеткен баланың денесі табылды

Қайғылы оқиға кеше Дерқұл кенті ауданындағы бау-бақша серіктестігінде болған.  

Саяжай тұрғындарының айтуынша, бала қоқыс төгетін шұңқырға құлап кеткен. Оны көрген ер адам баланы құтқармақ болады. Алайда екеуі де сыртқа шыға алмай, тұншығып өлген. 

"31 мамыр күні сағат 14:25-те хабар келіп түсті. Алайда 2013 жылы туған бала мен 30 жас шамасындағы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған", — деп мәлімдеді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0