Өңірлер

Алматы облысында жоғалған жас музыканттың денесі табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековМәйіт
Мәйіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас музыканттың неден көз жұмғаны белгісіз
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Алматы облысында жоғалған музыканттың денесі өз үйінің маңынан табылды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.
Қол - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өскеменде көшеден ер адамның денесі табылды
Еріктілер әлеуметтік желілерде Black and white тобының мүшесі 26 жастағы Назар Мирзаев іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат таратқан еді. 
Анықталғандай, Мирзаев 24 мамыр күні із-түссіз жоғалып кеткен. Музыканттың туысқандары Іле АІІБ-ге оның жоғалғаны туралы арызбен жүгінген. Бүгін әлеуметтік желілерде ер адамның өз үйіне жақын маңда өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тарады. 
Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап отыр. 
"Шынымен, бүгін іздеу шаралары барысында із-түссіз жоғалған ер адамның мәйіті өз үйінің маңынан табылды. Денесінде қандай да бір жарақат ізі жоқ", — деді облыстық полициядан. 
Аталған фактіге қатысты сот-медициналық сараптама белгіленді, оның нәтижесі бойынша өлім себебі анықталады.
Жаңалықтар
0