Өңірлер

Қаза тапқан ұшқыштың отбасына екі жылдан соң жарты миллион теңге төленді

© Sputnik / Илья Тимин / Медиабанкке өтуТікұшақ
Тікұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2016 жылы дәрігерлер мен науқасты тасымалдаған тікұшақ Талдықорған түбінде құлаған болатын

АЛМАТЫ, 6 маусым — Sputnik. Қаза тапқан ұшқыштың отбасы қайғылы оқиғадан сақтандыру бойынша 500 мың теңге алды. Төлемақы Талдықорған түбіндегі апаттан кейін екі жыл өткен соң берілген.

"Қайғылы оқиғалардан сақтандыру бойынша сақтандыру полисіне сәйкес UP-MD 600-N тікұшағы апатында қаза тапқан Виталий Кондратюкке қатысты 500 000 теңге көлемінде сақтандыру төлемақысы жүзеге асырылды", — деп хабарлайды "Евразия" сақтандыру компаниясы.

Әуе апаты 2016 жылы 27 қаңтарда Тадықорғанға келе жатқанда болған. Aspan әуекомпаниясының тікұшағы Үшаралдан Тадықорғанға науқас баланы әкеле жатқан еді. Қайғылы оқиғаға ауа райы қолайсыздығынан, түк көрінбей, тікұшақ винті ағашқа тиіп кетуі салдарынан болды. Әуе апатынан 45 жастағы ұшқыш Виталий Кондратюк, 52 жастағы гематолог дәрігер Бақытгүл Қайсанова, 23 жастағы фельдшер Гүлнұр Хамитова және анасы мен қызы қаза тапқан.


Жаңалықтар
0