Зорлық-зомбылық

Автобуста кондуктордың соққысына ұшыраған әйел министрге шағымданды

190
(Жаңартылды 13:28 17.07.2018)
ІІМ мәліметінше, кондуктор мас болған екен

АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Қалалық автобуста кондуктордың соққысына ұшыраған Алматы тұрғыны ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа шағым түсірді.

Әйел адамның арызы Қасымовтың блогында жарияланған — оның айтуынша, маусымның соңында мас кондуктор өзіне қол жұмсап, салдарынан көзі көгеріп, беті ісіп, миы шайқалған екен. Ал жүргізуші араша түсудің орнына үн-түнсіз қарап тұрыпты. Ол Қасымовтан маскүнемдікке бейім, жүйкесі жұқа адамды жұмысқа алған автопаркті жазалауды сұрайды.

Астанада автобустар кондукторсыз жүретін болады

Қасымов берген жауабында хабарлағандай, №16 автобуста жолаушыны ұрып-соғу жайты "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелген. Күдікті ер адам ұсталып, одан жауап алынды. Кондуктордың мас болғаны анықталған.

Қасымов айтқандай, бұл іс бойынша заңды процестік шешім қабылданады. Министр тергеудің барысы мен нәтижесі жайлы әйел адамды үнемі хабардар етіп отыруға уәде берді.

Автобуста киімін жыртып алған жолаушы арыз түсірді

190
Кілт сөздер:
арыз, зорлық-зомбылық, кондуктор, автобус, Қалмұханбет Қасымов, Алматы
Блок бекет

Қарағанды облысының бір ауылы карантинге жабылды

1
Карантиннің енгізілуіне ауылға инфекция жұқтырған адамның келуі себеп болды. Енді тұрғындарға себепсіз көшеге шығуға болмайды

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Қарағанды облысының Центральный ауылы карантинге жабылды. Облыс әкімдігі санитарлық шараның қатаңдатылуын ауылға коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның келуімен байланыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Омбыдан келген қонақ коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырды. Нәтижесінде инфекцияның бар екені анықталды. Ол кісімен байланыста болғандар да ауырып қалған. Бұхар Жырау ауданының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантинге алынған аймақтың шыға берісіне блок бекеттер қойылды. Енді бұл аймаққа кіріп-шығуға тыйым салынды", - делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.

Санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, ауыл тұрғындары карантин шараларын сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын маңдағы дүкен немесе дәріханаға баруына болады.

Әкімдіктің хабарлауынша, карантин инфекция жұқтырған науқастардың барлығы жазылғанша жалғасады. Шектеулерді алып тастау бойынша ақпарат қосымша хабарланады.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарында карантиндік шектеулер енгізілген болатын.

1
Кілт сөздер:
карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұрғындармен кездесті

Полиция бөліміндегі адам өлімі: Даниал Ахметов ауыл тұрғындарымен кездесті

9
Ахметовтің айтуынша, облыста полиция департаментінің бастығы мен облыс прокуроры бастаған арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, істің тергелуі үкімет басшысының жіті бақылауында

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға болған Мақаншы ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірнеше күн бұрын мал ұрлады деген айыппен тұтқындалған ер адамның қайтыс болуына полиция қызметкерлері кінәлі деп күдіктелуде.

Аймақ басшысы қайтыс болған Азамат Оразалының анасы мен туыстарына көңіл айтты.

"Марқұмның ата-анасы мен барлық туыс, бауырларына және достарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл жағдай үкімет басшысының жеке бақылауында екенін ерекше атап өткім келеді", – деді Үржар ауданына жасаған сапарын қорытындылаған Ахметов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Danial Akhmetov (@danial.akhmetov.official)

Әкімнің айтуынша, қазір облыста полиция департаментінің бастығы мен облыс прокуроры бастаған арнайы топ жұмыс істеп жатыр.

"Бұл істің сотқа дейінгі тергеуі заң аясында мейлінше ашық және жариялы түрде жүргізілетіндігіне сендіремін. Жақын күндері ауданға тағы да келемін. Қылмыскерлер заңда белгіленген жазасын алады. Бұл менімен кездесуге келген Қаратұма және Мақаншы ауылындағы ақсақалдар мен тұрғындардың басты өтініші, – деп жазды Ахметов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Полиция бөліміндегі адам өлімі

Бірнеше күн бұрын мал ұрлады деп күдіктелген ер адам Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде қайтыс болды. Көп ұзамай марқұмды азаптау фактісі бойынша тергеу басталды.

Кейіннен оқиға болған жерге жақын туыстарының қатысуымен тексеру жүргізілгені де хабарланды.

Көп ұзамай азаптауға күдіктелген үш адамның ішкі істер органдарынан қуылып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Бұл жағдайға қатысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі:

"Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тарапынан ішкі қызметтік тергеу жүргізілді", – деп хабарлады.

Сонымен қатар Үржар аудандық полиция бөлімінің екі басшысы қызметінен босатылды.

Азаптау үшін қандай жаза қолданылады?

Қылмыстық кодекстің 146-бабы (азаптау) бойынша тергеуші, анықтама жүргізетін адам немесе басқа да лауазымды адам қасақана физикалық немесе психикалық зиян келтіргені үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлмен жазаланады (13 890 000 теңге – Sputnik). Сол сияқты осы мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады немесе бас бостандығы бес жылға дейін шектеледі. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделеді.

Оқи отырыңыз: "Қорықпауға шақырамын": Даниал Ахметов желіде видео жариялады

Денсаулыққа ауыр зиян келтіру немесе абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

9
Кілт сөздер:
қайғылы оқиға, Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
"Мақтан тұтамын": Даниал Ахметов соғысқа қатысқан әкесі туралы айтып берді 
Мешіттегі қанды қырғын: желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды
Қарағандыда дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды оқиға бойынша сот басталды
Даниал Ахметов Көктал ауылының тұрғындарына өтемақы берілетінін мәлімдеді
Шымкенттегі қанды оқиға: қылмыскер 4 адамды қалай өлтіргенін айтып берді