Өңірлер

Ақтауда КВН ойыншысын өлтірді деген күдікпен 3 адам ұсталды

© AFP 2024 / Noel Celis кісен
кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілер Ақтау тұрғындар болып шықты, сот-медициналық сараптама тағайындалды

АСТАНА, 22 шілде — Sputnik. Маңғыстау облысының полицейлері Ақтөбенің КВН командасының бұрынғы ойыншысы Данияр Әлімбаевты өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстады. 

қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткен өлі табылды

"Лада" өңірлік порталының хабарлауынша, "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Үш күдікті ұсталды, үшеуі де Ақтау тұрғындары. 

Бұған дейін белгілі болғандай, Ақтауда 21 шілдеге қараған түні 32 жастағы Әлімбаевты аяғынан пышақтап, күретамырын кесіп жіберген. Ол аса ауыр хәлде ауруханаға жеткізіледі, бірақ дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады. 

Данияр Әлімбаев Ақтөбенің КВН командасының құрамында ойнаған. Әлімбаевтың артында әйелі мен төрт баласы қалды. 

Жаңалықтар
0