Жүгіру

Қостанайдағы 18 жасар қыздың өлімі: оқиғаның бірнеше нұсқасы айтылды

280
(Жаңартылды 13:01 24.07.2018)
Полиция жүгіруге кетіп, оралмаған 18 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты оқиғаның бірнеше нұсқасын ұсынып отыр

ҚОСТАНАЙ, 23 шілде — Sputnik. Қостанайда 18 жастағы қыздың өлімін тергеу өңірдің ішкі істер департаменті басшысы, полковник Бекет Аймағамбетовтың басшылығымен жүргізіледі.

Бойжеткен 20 шілде күні кешке жүгіруге кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні орман ішінен зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды.

Қостанайда жоғалып кеткен қыз Көкшетаудан табылды

"Істі тергеу ерекше бақылауға алынды. Күдіктілерді табуға бағытталған шаралар атқарылып жатыр, сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның бірнеше нұсқасын ұсынып отыр", — деп хабарлайды Sputnik өңірлік "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Бақылау камераларына түсірілген видеолар зерттеліп, сол күні Қостанай – Затобольск жолымен жүрген жүргізушілерден жауап алынуда.

тіркеуде тұрған тұлағалар тексеріліп жатыр.

Ислам қаныпезер қарақшылық пен қан төгуді қатаң айыптайды

Ақтауда КВН ойыншысының өлімін тергеу: 3 күдікті ұсталды

280
Кілт сөздер:
қылмыс, полиция, тергеу амалдары, кісі өлтіру, өлім, бойжеткен, Қостанай
Тақырып бойынша
Көкшетау ауруханасында сегіз жасар бала көз жұмды – тергеу жүріп жатыр
Зорланды деген баланың ісіне қатысты тергеу аяқталды
Бас прокурор сарыағаштық баланың ісін тергеуді тапсырды
Алматы прокуратурасы 15 жасар қыздың зорлануына қатысты тергеуді бастады
Жасанды тыныс алдыру аппараты, архивтегі сурет

Павлодар ауруханасына ескі аппарат сатқан компанияны полиция тексеріп жатыр

3
(Жаңартылды 19:14 26.11.2020)
Әкімдік жаңа жасанды тыныс алдыру аппаратын сатып алуға конкурс жариялаған, ал компания бұрын қолданыста болған құрылғыны жеткізген

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов өңірге жаңа жасанды тыныс алу аппаратының орнына бұрын қолданылған құрылғы жеткізілгенін мәлімдеді.

Облыс басшысының айтуынша, әкімдік жаңа жасанды тыныс алу аппаратын сатып алуға конкурс жариялаған. Ал жеткізушілер аппараттардың әрбірін 17,5 миллион теңгеден сатып алған.

"Кейіннен құзырлы органдар арқылы бұл аппараттардың бұрын қолданыста болғаны анықталды. Сол себепті оның бағасы өндіруші зауытқа қарағанда төмен болған", – деп мәлімдеді Ысқақов орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте.

Қазір бұл істі құқық қорғау органдары қарап жатыр. Тергеу тендерді жеңіп алған компанияның неге бұрын қолданыста болған жабдықты жеткізгенін анықтайды. Содан кейін сотқа дейінгі тергеу қорытындылары бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Сонымен қатар өңірдегі барлық медициналық ұйым компаниямен жасалған шарттарды бұзу және жасанды тыныс алу аппаратын жеткізу үшін төленген аванс сомасын талап ету бойынша талап-арыз дайындап жатыр.

Әкімнің айтуынша, компания өңірге 21 аппарат жеткізуі қажет болған, тапсырыстың жалпы сомасы – 300 миллион теңге. Ауруханалар келісімшарт жасап, аванс беріп қойған. Қазір екі тарап келісімшартты бұзып жатыр.

Оқи отырыңыз: Су жаңа аурухана тым суық: науқас шағымына Алматы облысының дәрігерлері жауап берді

Сондай-ақ, әкім үкімет резервінен сатып алынған жасанды тыныс алу аппаратының жеткізілуіне қатысты түсініктеме берді.

"Өңірге үкімет резервінен 20 медициналық ұйымға 139 жасанды тыныс алу аппараты жеткізілді. Дәрігерлермен сөйлестім, оны қолданып жатқан жоқ, себебі дәл қазіргі уақытта оған қажеттілік жоқ. Барлық жасанды тыныс алу аппараты қабылданды, жұмысқа жарамды күйде тұр. Оларға байланысты ешқандай мәселе жоқ", – деді әкім.

Айта кетейік, бүгінге дейін бұл өңірде алты мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды.

3
Кілт сөздер:
Павлодар облысы, аурухана
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Павлодар облысында күдіктінің кесірінен полицейлер COVID жұқтырды
Алматыда тағы бір модульді аурухана салынып жатыр
COVID-19: Алматыда балалар бөлімшесі бар аурухана ашылды – фото
Қостанай облысында аурухана отқа оранды – видео
Қазақстан Қырғызстанға 2 млн бетперде мен 400 аппарат жібереді
Дәрігер карантиндік блокбекетте термометр ұстап тұр

Ақмола облысында карантин тағы да күшейтілді

78
(Жаңартылды 18:29 26.11.2020)
Көкшетау мен Степногорск қалаларын қоспағанда, облыс тұрғындары басқа елді мекендерге еш кедергісіз бара алады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері өңір аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес, Көкшетау  (Красный Яр, Чайкино, Станционный кенттері) мен Степногорск қалаларының аумағында жүріп-тұру сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін шектелді. Облыстағы қалған елді мекендер үшін шектеу –  23.00-ден 06.00-ге дейін.

Көкшетау мен Степногорск қалаларында азаматтардың карантин аймағынан кіріп-шығуына тыйым салынады.

Бірақ, Көкшетау мен Степногорскті қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға/қалаға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат етілген.

Тиісті құжаттарды көрсеткен жағдайда, санитарлық бекеттерден мына азаматтарға кедергісіз кіруге және шығуға рұқсат беріледі:  

  • медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар;
  • транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылары;
  • вахта қызметкерлерін тасымалдайтын көліктер;
  • вирустың таралуының алдын алу шараларына тартылған көліктер мен адамдар, ұйымдар;
  • тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар, көліктер мен адамдар, ұйымдар;
  • Stopcorona.kz сайтында тіркелген, ПТР анықтамасы бар, Ақмола облысында тұрмайтын тамақ өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көліктері мен қызметкерлері;
  • құқық белгілейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, қала сыртындағы үйлеріне баратын облыс тұрғындары;

Сонымен қатар, Көкшетау (Красный Яр, Чайкино, Станционный кенттерінің) және Степногорск қалаларында жұмыс күндері қоғамдық тамақтану орындарына сағат 07.00-ден 20.30-ға дейін, сенбі күні  10.00-ден 20.30-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Ал жексенбі және мереке күндері жабылады, тек 07.00-ден 23.00-ге дейін тамақ жеткізу қызметімен айналысады.

Бұқаралық, отбасылық шараларға, оның ішінде үйде өткізуге сол күйі тыйым салынған.

Жасы 65-тен аспаған адамдарға үйден шықпауға кеңес берілді.

Жаңа қаулы 28 қараша сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

78
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин, Ақмола облысы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
СҚО-да карантин күшейтілді - не өзгерді
Шығыс Қазақстанда карантин қатаңдатыла ма – әкім жауап берді