көпқабатты үй, архив

Павлодарда 11-қабаттан құлаған әйел жас жігітті өлтіре жаздады

446
(Жаңартылды 08:23 31.07.2018)
Жас жігіт баспалдақпен үйдің кіреберісіне көтеріліп бара жатқанда, үстіне әйел құлайды

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде павлодарлық әйелдің 11-қабаттың балконынан құлаған сәті түсіп қалған видео тарады. 

Оқиға 24 шілде күні Павлодарда Тәуелсіздік даңғылында болған. №52 үйден "жедел жәрдемге" 11-ші қабаттан құлаған әйелге көмек көрсету туралы хабар түседі. Бірақ елу жас шамасындағы әйел дәрігерлер келгенше көз жұмды. 

Инстаграмдағы "Типичный Павлодар" парақшасында әйелдің жоғарыдан құлаған сәті түсіп қалған видео тарады. Видеодан марқұмның баспалдақпен үйдің кіреберісіне көтеріліп бара жатқан жігіттің үстіне құлағанын көруге болады. Қатты соққыдан жас жігіт жеңіл-желпі жарақат алған. 

Облыстық ІІД Sputnik тілшісіне ақпаратты растады. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама белгіленді.

446
Кілт сөздер:
Павлодар, әйел, жас жігіт, видео
Тақырып бойынша
Бурабайда 125 метр биіктіктен секірген спортшы Назарбаевтың көз алдында құлады
Көкшетауда жол апаты салдарынан тұрақтағы көлікке электр бағаны құлады – видео
Петропавлда екі қабатты үйдің қабырғасы құлады
АҚШ-та әскери ұшақ көліктер жүріп жатқан жол үстіне құлады - видео
БАҚ: Алжирде екі жүз адам мінген әскери ұшақ құлады
Белгілі кәсіпкердің қызы мінген түркиялық ұшақ құлады
Қызылордада бес қабатты тұрғын үйдің қабырғасы құлады
Шаңды дауыл, маска киген әйел, архивтегі сурет

Сабақ онлайнға ауысты: Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды видео

2607
Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда полиция күшейтілген жұмыс режиміне ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданын шаңды дауыл басты. Табиғаттың тосын мінезінен оқушылардың сабағы онлайн болды, ал жүргізушілерге жолда сақ болу керектігі ескертілді.

Бұл туралы жергілікті "Лада" басылымы аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Тұрғындар шаңды дауылдың видеосын әлеуметтік желіде таратып жатыр.

Ауа райының күрт нашарлауы салдарынан күндізгі ауысымда оқитын 8451 оқушы мектепке бара алмады.

"Мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматқа ауыстырылды. Оқушылардың үйден шықпауын қадағалауыңызды сұраймыз. Қолайсыз ауа райына байланысты аудан аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолдарда полиция экипажы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты", - деді Бейнеу ауданының әкімдігі.

Оқи отырыңыз: 

2607
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, шаңды дауыл, видео, ауа райы қолайсыздығы
Қар, архивтегі сурет

Жаңбыр қарға ұласады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

1098
Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұған солтүстік-батыс және оңтүстік циклонның бірігуі әсер етеді

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Синоптиктер 25-27 қыркүйек арасында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидромет болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұған солтүстік-батыс және оңтүстік циклонның бірігуі әсер етеді. Жаңбыр жауып, республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр қарға ауысуы мүмкін.

Жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Батыста ауа температурасы түнде 7-15°C, күндіз 15-25°C-тан 10-20°C-қа дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста түнде 3 градус аяздан 5-қа, күндіз 13-23°C-тан плюс 3-13 градусқа дейін төмендейді.

Елдің солтүстігінде және орталығында түнде сынап бағанасы 2-7 аяздан 3-8°C жылыға дейін, күндіз 10-20°C-тан 5-13°C дейін жылы болады.

Шығыста ауа температурасы түнде 5 аяз 5°C жылы, күндіз 7-17°C жылы болады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, түнде 5-15°C-тан 10-17°C-қа дейін жылы, күндіз 25-32°C-тан 18-25°C-қа дейін төмендейді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында 25 қыркүйекте күн ашық, күндіз +12°C жылы, түнде -1°C болады. Ал 26 қыркүйекте күн бұлтты. Түнде +2°C, күндіз +10°C жылы. Ал 27 қыркүйекте қар аралас жаңбыр жауады, түнде +2°C, күндіз + 7°C жылы.

Алматыда 25-26 қыркүйекте күн ашық болады. 25 қыркүйекте ауа температурасы түнде +9°C, күндіз +19°C жылы болады. Ал 26 қыркүйекте түнде +12°C, күндіз +26°C жылы. Дүйсенбіде күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +17°C, күндіз +26°C жылы болады.

Шымкентте 25-26 қыркүйекте күн ашық, түнде +13...+16°C, түнде +31...+34°C жылы болады. 27 қыркүйекте жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +18°C, күндіз +23°C болады.

1098
Кілт сөздер:
ауа райы, қар, жаңбыр
Пожар возле лицей №60 в Сарыаркинском районе столицы

Нұр-Сұлтанның оң жағалауында салынып жатқан ғимарат өртенді видео

0
(Жаңартылды 20:33 24.09.2021)
Өрт сағат 19.49-да оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

НҰР -СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Өрт елордада салынып жатқан тұрғын үй кешенінен басталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Сағат 19.35-те өрт сөндірушілер Кенесары көшесі, 3А мекенжайында түтін көрінгені туралы хабарламаға шығып кетті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында 50 шаршы метр аумақта рубероид жабыны мен жиналған қоқыс өртеніп жатқанын анықталды.

Өрт сағат 19.49-да оқшауланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз:

0