шекарашылар

Қытай азаматы өзеннің бойымен қыдырып жүріп еліміздің заңын бұзды

1833
(Жаңартылды 10:56 31.07.2018)
Қонаққа келген Қытай азаматы ел аумағынан шығарылды

АСТАНА, 30 шілде — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Қазақстанның шекарасын кесіп өткен Қытай азаматы ел аумағынан шығарылды, деп жазады Устинка LIVE.

Оқиға Күрімшіде болған. Қытайдан келген қонақ Қаба ауданындағы Қаба өзенінің бойымен қыдырып жүріп, Қазақстанның шекарасын қалай кесіп өткенін білмей қалған. 

"Шекарада оны шекара қызметінің қызметкерлері ұстап алды", — деп хабарлады Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі. 

Сот барысында ер адам кінәсін мойындады. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстанның аумағынан шығарылды. 

Атырауда қытайлармен төбелескен күзетшілер неге кешірім сұрады

Қытайда мыңдаған адам үйлерін тастап қашып жатыр

1833
Кілт сөздер:
заң бұзу, шекара, Шығыс Қазақстан, Қытай
Тақырып бойынша
Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тың мәлімет жарияланды
"Біз ешқашан экспансияға ұмтылмаймыз" Қытай қандай уәде берді?
Қытай еліміздің кей өңірлерін өз жері дей ме? Министрлік түсініктеме берді
Қытайдағы қазақ мәселесі: жанашыр азаматтар қандай қиындыққа тап болғанын айтты
Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде немен айналысып жүр?
Бекболат Тілеухан: Қытайдағы қандастарымыз қиналып жатыр
Қытайдағы үйін сатуға кеткен қандасымыздың басы бәлеге қалды
Қазақстан Қытай азаматтары үшін визаны алып тастағаны рас па? СІМ жауабы
Фотодерек: Назарбаев Қытай басшысына не айтты?
Архивтегі фото

Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты

13
Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Оралда сот педофил әкеге кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, 13 жастағы өгей қызына азғындық жасаған 34 жастағы жігіт 20 жылға сотталған болатын. Бірақ сотталушы мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Судьяның айтуынша, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген.

"Әділ үкім шығарған сотқа алғысымды айтқым келеді. Тергеу ісіне де көңілім толады", - дейді жәбірленуші Самира Дусталиева.

Ал сотталушының анасы үкіммен келіспейтінін айтады. Оның сөзінше, келіні баласына жала жауып, осының бәрін қасақана ұйымдастырған.

Оралдағы сұмдық: оқушы өгей әкесі жіберген аудио хабарламаны анасына көрсеткен  

"Келінім ұлымның қымбат көлігін сатқаннан түскен ақшаны алғысы келді. Бірақ ұлым ақшаны бермеген соң осының бәрін әдейі ұйымдастырды. Осыған дейін өткен сотта ол күйе жағып, жеңіп шықты. Сот үкімімен келіспеймін, қажет болса Жоғары сотқа да барамын", - дейді сотталушының анасы Айсұлу Аймағамбетова.

13
Кілт сөздер:
Орал, педофил
Тақырып бойынша
32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді
11 жасар қыз педофилден қашып құтылды – видео
"Көршілер педофилді ұстады": полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
7 жасында зорланған қыздың анасы Тоқаевқа хат жазды
Әуежай.  Ashyq

Алматыда коронавирусты қасақана жұқтырмақ болғандар қашып құтыла алмады

1444
Коронавирус жұқтырған науқастар ХҚКО мен фитнес залдар, мейрамхана мен әуежай, тіпті ірі сауда үйлеріне кірмек болған. Олар "қызыл" мәртебе анықтала салысымен қашып кетсе де, бүкіл ақпарат жүйеде сақталып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Алматыда коронавирусты өзге азаматтарға қасақана жұқтырмақ болған науқастардың аты-жөні жария болды. Амбулаториялық ем алып жатқан сырқаттар өзін-өзі оқшаулау құжатына қол қойған.

Соған қарамастан жұқпалы дертке шалдыққандар қалада емін-еркін серуендеп, мейрамханаларға да кірмек болыпты. Санитарлар сондай 80 адамның тізімін сайттарында жайып салды. Тізімде аты-жөні толық жазылған, деп хабарлады КТК.

Төңірегіне қауіп төндіргендердің тізімінде банкирлер, ұялы байланыс компаниялары мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері бар. Мәліметтерге қарағанда індет жұқтырғандар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен фитнес залдар, мейрамхана мен әуежай, тіпті ірі сауда үйлеріне кірмек болған.

"Алдыңызда екі таңдау тұр": Елорда әкімі астаналықтарға үндеу жасады

Аурудың таралып кетпеуіне "Ашық" көмектескен. СЭС мамандары үйінде оқшауланып ем қабылдап жатқан басқа сырқаттарға осы сабақ болады деп сенеді. Себебі тізімдегілерге өзгелерге қауіп төндіретіндігі туралы ескертілген. Сол үшін арнайы құжатқа қол да қойыпты. Сырқаттардың әрқайсысына 87 510 теңге айыппұл салынды.

Мамандар тізім әлі толық емес дейді. Өйткені бір айдың ішінде талапты 400-дей науқас бұзған "Қызыл" мәртебе екені анықтала салысымен қоғамдық орыннан қашып кетсе де, бүкіл ақпарат жүйеде сақталып қалады. Сондықтан жазадан ешкім құтылып кетпейді.

"Ашық" "қызыл" белгі көрсеткен бойда науқастар қарасын батырған. Ол туралы мәлімет базада сақталып қалды. Сол арқылы тауып, айыппұл салдық. Қазір 80 адам кінәсін мойындады. Қалған жағдайлар бойынша әкімшілік іс жүріп жатыр", - дейді Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаменті директорының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

1444
Кілт сөздер:
Алматы, коронавирус
Серік Теміржанов

Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады

54
Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

57 келі салмақ дәрежесінде Серік Теміржанов венгриялық Ролан Галосқа қарсы шықты. Жерлесіміз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 5:0. Оған қоса, венгриялық боксшы екі рет нокдаун алып қалды. Серік Теміржановтың келесі қарсыласы – америкалық Дьюк Раган.

Айта кетейік, Олимпиадада қазақстандық боксшылар барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары).

54
Кілт сөздер:
боксшы, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы