Әйел

Қызылордада жасөспірімді зорлап өлтірген педофилдің отбасын ауылдан қуып шықты

1268
(Жаңартылды 12:23 03.08.2018)
30 жастағы ер адам жасөспірім қызды зорлап, басын мылжалап өлтірген. Жергілікті тұрғындар қылмыскердің отбасымен бір ауылда тұрғысы келмейді

ҚЫЗЫЛОРДА, 2 тамыз — Sputnik. Қазақстанның оңтүстігіндегі Шалқия ауылының тұрғындары жасөспірім қызды зорлап өлтірген ер адамның отбасын елді мекеннен қуып шықты.

Екі апта бұрын Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия ауылында 13 жасар қызды зорлап, аяусыз өлтірді деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталған еді. Қыз бала анасымен ауыл шетінде қаңырап бос қалған бес қабатты үйде тұратын. Жасөспірімнің денесі жоғарғы қабаттан табылды. Басын мылжалап тастаған әрі денесінен сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық белгілері табылыпты.

Қылмысқа қатысы бар күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол жасаған ісін мойындап, түсініктеме берген. Ер адам бұрын да сотталған болып шықты.

Азғын қыздың үйде жалғыз қалғанын пайдаланып, зорлап, қылмысын жасыру үшін  жасөспірімді жоғарғы қабатқа сүйреп апарып, басын жарып өлтірген.

Тағы оқыңыз: Анасын өлтіріп, қызын зорлаған — оқиғаның мән-жайы

Педофил қылмысын мойындағаннан кейін Шалқия жұрты оның отбасымен бір ауылда тұрудан бас тартты.

"Қыз баланы зорлаған жігіт бұрын біздің ауылда тұрмаған, — дейді жергілікті тұрғындардың бірі. – Ол Ақтөбеден анасына келді. Отбасы жұпыны тұратын, өзі жұмыссыз, анасы ішкілікке салынған. Осы бір қайғылы жайтқа дейін ешкім ештеңе демейтін. Енді бұл отбасының ауылда тұруына қарсымыз".

Дереккөздің мәліметінше, "қуылған" отбасыға көрсетілмеген екен.

Тағы оқыңыз: Абай тұрғыны жасөсіпірім кезінде екі жігіттің зорлап, видеоға түсіргенін айтып берді

1268
Кілт сөздер:
тұрғындар, ауыл, кісі өлтіру, азғын, педофил, зорлық-зомбылық, қызды зорлау, Қызылорда облысы
Архивтегі фото

Павлодарда ұрылар жаңа көршілерін тонау үшін пәтер жалдаған

1386
(Жаңартылды 08:07 15.01.2021)
Жәбірленушілердің құнды заттарын алып кетпес бұрын, ұрылар алдымен есікті ақырын қаққан. Пәтерде ешкім жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін үйге кірген

ПАВЛОДАР, 15 қаңтар – Sputnik. Жедел уәкілдер пәтер ұрлығына күдікті екі павлодарлықты ұстады, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

9 қаңтарда екі ер адам Павлодарда, академик Бектұров көшесіндегі үйлердің бірінен пәтер жалдаған. Олар батылдау болу үшін ішімдік ішіп, көршінің есігін қаққан. Пәтерде ешкім жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін сыртқы есікті бұзып, тұрғын үйге кірген.

Ол жерден ноутбук, микротолқынды пеш, фотоаппарат, барсетка және қымбат иіс суды алып кеткен.

"Ұрылар ұсталды. Оларға қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Бұл бап үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салудан бастап мүлкін тәркілеп, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны қарастырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда ұры пәтерді үй иесінің көз алдында тонап кетті 

Ұрылар пәтерге құлыпты бұзып, құнды заттардың барлығын, атап айтқанда, көбінесе зергерлік бұйымдарды, тұрмыстық техника мен ақшаны алып кетеді. Сондықтан, полицейлер үйден шыққан кезде терезе мен балкон есігінің мықтап жабылған-жабылмағанын тексеруді ұсынады.  

Жыл басынан бері облыста төрт пәтер ұрлығы тіркеліп, барлығы ашылды.

1386
Кілт сөздер:
ұрлық, Павлодар
Тақырып бойынша
Бішкекте пәтер тонады деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды
Ақтөбе тұрғыны ерекше тәсілмен ұрлық жасады
Алматыда пәтер тонауға келген ұры үйде жүрген келіншекті зорлап кетті
Алматы облысында қаруланған қылмыстық топ ұсталды
Архивтегі фото

Полицейлер қымбат телефонды мың теңгеге "сатып алған" адамды ұстады  

679
Қызылорда облысының тұрғыны есік алдында отырған 5 жасар балаға 1000 теңге ұстатып, "Galaxy S10" ұялы телефонын алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Түркістанда алаяқ 5 жасар баланы алдап, қымбат ұялы телефонын 1 000 теңгеге сатып алған, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Оның есік алдында отырған 5 жасар немересіне белгісіз біреу 1000 теңге ұстатып, "Galaxy S10" ұялы телефонын алып кеткен. Шығынның жалпы көлемі 150 мың теңгені құрады.

Оқи отырыңыз: Сарапшы банк қызметкерін телефон алаяғынан қалай ажыратуға болатынын айтты

"Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Төрт сағаттың ішінде күдікті ұсталды. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды", - дейді полицейлер.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Ал қылмыстық іс сотқа жолданды. Тергеу кезінде күдіктінің Қызылорда облысындағы төрт пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, оның іздеуде жүргені белгілі болды.

679
Кілт сөздер:
телефон, алаяқтық
Тақырып бойынша
Теміртауда қыз зейнеткердің есепшотындағы жинақ ақшасын ұрлаған
Қарызды қайтармай жүрген адамнан ақшаны қалай алуға болады – мамандар кеңес берді
"Қиын жағдайда қалған" адамды үйіне кіргізген Түркістан тұрғыны сан соғып қалды
Шымкентте отырып, СҚО тұрғындары атынан кредит алған алаяқ ұсталды
Қазақстанның алты қаласында "театр" алаяқтық жасады
Газ құбыры

"Солтүстік ағын - 2" жобасы құрылысының кестесі нақтыланды

0
"Солтүстік ағын – 2" жобасына қатысқан даниялық Ramboll компаниясы Вашингтонның санкцияларынан сескенді, деп хабарлады БАҚ. Расында да, 1 қаңтардан бастап Америка құрама штаттары жобамен байланыстыларға қарсы шараларды күшейтті

Еуропада шиеленіс артып жатыр: немістер санкциялардан қорғайтын қор дайындап жатса, ағылшындар америкалықтардан үлгі алып жатыр, ал шведтер "газ соғысы" басталады деп секемденіп отыр. Газ құбырының тағдыры не болмақ?

"Солтүстік ағын -2" құбырының шетелдегі құрлықтағы бөлігінің құрылысы сәтті аяқталды. Қазір Германия суларында құбырлар төселуде. Одан кейін Даниядағы суларда салынады. Жоба аяқталуға бет бұрды. 1 қаңтардан бастап қорғаныс бюджеті туралы жаңа заң күшіне енді. Ол құжатта Ресейдің газ құбырына қарсы қосымша санкциялар қарастырылған.

Негізінен, мұнда мәселе тестілеу, инспекция немесе сертификаттау қызметтерін ұсынатын ұйымдарға қатысты болып отыр. Норвегиялық DNV GL компаниясы қазірдің өзінде газ құбырын тексеру бойынша барлық әрекеттерді тоқтататынын және оны сертификаттай алмайтынын мәлімдеді.

АҚШ Сенатындағы республикашылардың көшбасшысы Митч Макконнелл бұған дейін қорғаныс бюджеті туралы заң мемлекет қауіпсіздігінде және "Қытай мен Ресей сияқты қарсылас державалардың жолын кесуде" шешуші мәнге ие екенін мәлімдеді. Бұл құжат АҚШ-тың "теңіздегі, құрлықтағы, әуедегі, киберкеңістіктегі және ғарыштағы басымдылығын" бекітеді. 

"Газпром" енді шамамен 150 километр құбыр салуы керек (120 – Данияда және 30-дан астам Германияда). Газ құбыры 94%-ке дайын. 

11 қаңтарда Германияның аймақтық суларындағы жұмыс бір жылдық үзілістен кейін қайта жанданды. 15 қаңтардан бастап Дания жағалауында құбыр тқсеу басталады. 

"Фортуна" құбыр төсейтін кемеге "Мурман" және Ресейдің теңіздегі құтқару қызметінің "Балтийский исследователь" кемелері және тағы басқа қамсыздандыру кемелері көмектеседі. Теңізде құбыр төселетін аймақтың екі жағынан ені 200 метр уақытша шектеу орны құрылады. 

"Газпром экспорт" бас директоры Елена Бурмистрова теңіздегі учаскенің құрылысын аяқтау көпи жағдайға, соның ішінде, ауа райына байланысты болатынын мәлімдеді. 

Ал АҚШ СА-2 құрылысына қол ұшын беріп жатқан компанияларды қорытып-үркітуін тоқтатар емес. 

"Біз тәуекелдер жайлы хабардар етіп, кеш болмай тұрғанда серіктестіктен бас тартуға шақырып отырмыз", - деді Мемлекеттік департаменттегілер. Reuters агенттігінің ақапараты бойынша, алдағы күндері Ақ үй "тиімсіз компаниялар" тізімін жариялайды. 

Ресей СІМ "газпромның" шет елдердегі серіктестеріне АҚШ қанша қысым көрсетсе де, бұл жоба сәтті аяқталатынына Ресей еш күмән келтірмейтінін айтты. Германия "Солтүстік ағын -2" жобасын экономикалық жоба ретінде қарастыруды жалғастыруда және АҚШ-тың экстерриториялық санкцияларына қарсы. Германия парламенті " MV климатын және қоршаған ортасын қорғау" атты экологиялық қор құру туралы шешім қабылдады. 

Бұл қор америкалық санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік береді. Мекеме жоба аясындағы қажетті жабдықтарды сатып алуға құқылы және ол ең алдымен газ құбырын экология үшін маңызды деп шешім шығарады. Санкциялар қупі төнген компаниялар осы кәсіпорын ұсынатын экономикалық құралдар арқылы ресейлік тараппен өзара әрекеттесе алады. 

Айта кету керек, немістер санкциялардан қорғанып үлгеретіні жөнінде сарапшылар екіұдай пікір білдіруде. Себебі, бір жағынан, қор Вашингтонның барлық күш салуын жоққа шығаруға жеткілікті инвестициялар мен құзыретке ие болды. Ал, екінші жағынан бұл қорды құру идеясы "жасыл экономиканы" жақтаушылардың наразылығын тудырды. Соондықтан, СА-2 жақтаушылары қоршаған орта үшін қауіпті жобаны "жасыл" деп жіктеуге қарсылық білдіргендермен келісімге келуі керек. 

Өнеркәсіптік сарапшы Леонид Хазанов қалай болғанда да Германия Вашингтонның жетегінде кетпейді. 

"Әрине, қор санкцияларға ұшырайды, бірақ олардың әсері болмайды. Оның мердігерлеріне қарсы олар жаңа заң жобасын дайындап, оны Конгресс арқылы қабылдауы және президенттің қол қоюын күтуі керек болады. Бұл процесс алты айға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт ішінде "Солтүстік ағын – 2" жобасының құрылысы аяқталып үлгереді", - деп санайды сарапшы. 

Британдық парламентші консерватор Дэниел Кочинскидің айтуынша, британдықтар Еуроодаққа мүше болмағандықтан, "америкалық достарының ізінен еріп, "Солтүстік ағын – 2" жобасына тартылған барлық компанияларға қарсы санкциялар енгізу керек". 

Ал, Швециядағылар Джо Байденнің президент болуы газ құбыры үшін елге жақын маңда "газ соғысының" басталуына ықпал етеді ме деп қорқуда. Жергілікті басылым, америкалық демократтың Дональд Трампқа қарағанда әлдеқайда қатал екенін атап көрсетті.

0