Алтын бұйымдар

Қазақстанда тағы бір "Алтын адам" табылды

1104
(Жаңартылды 13:03 08.08.2018)
Археологтардың айтуынша, біздің дәуірімізге дейін VIII-VII ғасырларда өмір сүрген бозбаланың сүйегі табылған

АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Белгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашев Шығыс Қазақстан облысында "Алтын адамды" тапты.

"Алтын адамның" сүйегі Тарбағатай тауларында орналасқан Елеке Сазы қорғанындағы қазба жұмыстары барысында табылған. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Самашев зерттеу нәтижелерін өңір басшысы Даниал Ахметовке көрсетті.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қазба жұмыстарының нәтижесімен танысты
© Photo : ШҚО әкімдігі
ШҚО әкімі Даниал Ахметов қазба жұмыстарының нәтижесімен танысты

ШҚО әкімі в баға бергендей, Самашев "аса көрнекті жаңалық" ашқан.

Табылған бұйымдар б.з.д  VIII-VII ғасырлардға тиесілі
© Photo : ШҚО әкімдігі
Табылған бұйымдар б.з.д VIII-VII ғасырлардға тиесілі

Антропологтардың сөзіне сүйенсек, табылған "Алтын адам" – 17-18 жастағы бозбала, біздің заманымызға дейінгі VIII-VII ғасырларда өмір сүрген.

  • Алтын адам – 17-18 жастағы бозбала
    "Алтын адам" – 17-18 жастағы бозбала
    © Photo : акимат Восточно-Казахстанской области
  • Алтын адам – 17-18 жастағы бозбала
    "Алтын адам" – 17-18 жастағы бозбала
    © Photo : акимат Восточно-Казахстанской области
  • Алтын адам – 17-18 жастағы бозбала
    "Алтын адам" – 17-18 жастағы бозбала
    © Photo : акимат Восточно-Казахстанской области
1 / 3
© Photo : акимат Восточно-Казахстанской области
"Алтын адам" – 17-18 жастағы бозбала

Зейнолла Самашев көптеген археологиялық экспедицияларды басқарған, Қазақстанның петроглифтер бойынша маманы ретінде көпшілікке танымал.

Қазба жұмыстары Тарбағатай тауларында екі жыл бұрын басталған еді. Бұрын ол жерде алтыннан жасалған ат әбзелдері мен асыл бұйымдар табылған болатын. Археологтар бұл бұйымдарды сақ дәуіріне тиесілі деп санайды.

1104
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, Тарбағатай, Даниал Ахметов, қазба жұмыстары, археология, Алтын адам
Тақырып бойынша
"Алтын адам" Мәскеуге жеткізілді
Олимпиаданың ашылуында Қазақстанның туын "Алтын адам" алып жүрді
Бестөбе кентіндегі шахтада заңсыз алтын іздеген ер адам қаза тапты
"Алтын адам" алғаш рет шетелге сапарға аттанды
Сейф

Сейфте 8 млн теңге жатқан: Риддерде әйелдің үйіне ұры түсті

83
Шығыс Қазақстан облысының бұрын істі болған тұрғындары жер үйге кіріп, қолма-қол ақша, ескі тиын, медаль мен жүзік сақталған сейфті ұрлап әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Риддер қаласының полициясы жер үйден қомақты ақша мен басқа да бағалы заттар сақталған сейфті ұрлап әкеткен екі ер адамды ұстады.

Ұрлық 35 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде қыркүйектің ортасында жасалған. Полицейлер қылмысты бейнебақылау камераларының көмегімен ашты, деп хабарлайды polisia.kz.

Екі күдікті таңғы сағат 07.30 бен 09.30 аралығында пластик терезені бұзып, үйге кірген. Үйдің астаң-кестеңін шығарған. Сол сәтте қосалқы үй-жайдағы шағын сейфке көздері түскен. Оны үй ішінде ашуға қорқып, өзімен бірге алып кеткен.

"Сейфте 8 миллион теңге, ер адамдарға арналған алтын сақина, үйдің құжаттары, 1843 жылғы жез тиын, "Еңбегі үшін" медалі болған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы мөлшері 10 миллион теңгені құрады", - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстау үшін полицейлерге бірнеше күн қажет болды. Ұсталғандар 30 жаста, екеуі де жергілікті тұрғын. Бұған дейін бірқатар бап бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

Анықталғандай, ұсталғанға дейін ер адамдар ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген.

Қазіргі таңда екі күдікті де тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

83
Кілт сөздер:
сейф, ақша, Риддер, ұрлық
Архивтегі фото

Қарағандыда досының үйінде бірнеше күн жатқан ер адам кредит алғанын ұмытып қалған

582
(Жаңартылды 16:07 28.09.2021)
"Жәбірленуші" бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында кредит алғанын ұмытып кеткен ер адам полицияға арызданды, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілдеде Абай ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 43 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның жеке деректерін қолдана отырып, микрокредиттік ұйымнан кредит алғанын айтқан. Келтірілген залал көлемі 76 мың теңгені құраған.

Жәбірленушінің айтуынша, бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан. Сол күндері белгісіз біреу ұялы телефонын пайдаланып кредит рәсімдеп алған көрінеді.

Жәбірленуші бұл туралы кредитті төлеу қажеттігі туралы SMS хабарлама алған кезде білгенін айтты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер тергеу барысында арызданушы кредитті мас күйде өзі алғанын анықтады. Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды.

Бұрынғы "жәбірленушіге" қатысты 419-бап (Қылмыс жасалғаны туралы әдейі жалған ақпарат беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз:

582
Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

0
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

0