Өңірлер

Синоптиктер Қазақстанда қашан күн суытатынын айтты

© AFP 2024 / Kazuhiro NOGIқатты жел
қатты жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
9-11 тамызға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

Карск теңізі аудандарынан суық ылғалды арктикалық ауа ығысып келеді, осыған байланысты Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты күн күркірейді, екпінді жел соғады, бұршақ түсуі мүмкін. 

Солтүстік, орталық аудандарда температура түнде 7-17 дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін төмендейді. 

Республиканың қалған аумағында ауа температурасы бұрынғыдай норма шамасында болады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады.

11 тамызда еліміздің оңтүстігінде кей жерлерде жел  күшейіп, дауыл, шаңды дауыл және бұршақ түсуі ықтимал.

Жаңалықтар
0