Нұрсұлтан Назарбаев пен Алтынай Иса

Нұрсұлтан Назарбаевтың аттасы отау құрды үйлену тойы қалай өтті

1938
(Жаңартылды 11:30 18.08.2018)
Шығыс Қазақстан облысы тұрғыны Нұрсұлтан Назарбаев пен жары аниматорларды шақырып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайталанбас көңілкүй сыйлады

СЕМЕЙ, 14 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аттасы Семейде отау құрып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мереке ұйымдастырды.

Жас қазақстандық Нұрсұлтан Назарбаев пен жары Алтынай Иса дүркіретіп той өткізуден бас тартты, деп жазады "Экспресс-К". Мейрамхана мен той кортежіне шығындалудың орнына, ресми неке қию салтанатынан кейін жас жұбайлар лагерьге бет алды.

Жарасымды жұп екі балалар үйінің жүздеген тәрбиеленушісіне дастархан жайып, аниматорларды шақырып, мереке ұйымдастырыпты.

Алтынай мен Нұрсұлтан балалардың ортасында
© Photo : Жас жұбайлар ұсынған/Экспресс-К
Алтынай мен Нұрсұлтан балалардың ортасында

Алтынайдың айтуынша, жұбайы екеуі сән-салтанатты той жасауды ешқашан армандамаған. Жеті жыл қыз-жігіт болып жүріп, отау құруға бел байлапты.

Президенттің аттасы мен жары балаларға көңілді мереке ұйымдастырды
© Flickr / Жас жұбайлар ұсынған/Экспресс-К
Президенттің аттасы мен жары балаларға көңілді мереке ұйымдастырды

Мемлекет басшысының аттасы мамандығы бойынша педагог, дейді жары Алтынай. Жас жұбайлардың отбасы тойды ерекше өткізуге қарсы болмаған.


1938
Кілт сөздер:
Семей, Назарбаев, аттас адамдар, жастар, үйлену тойы, балалар, мереке
Тақырып бойынша
Назарбаевпен аттас қанша адам бар?
Сейф

Сейфте 8 млн теңге жатқан: Риддерде әйелдің үйіне ұры түсті

65
Шығыс Қазақстан облысының бұрын істі болған тұрғындары жер үйге кіріп, қолма-қол ақша, ескі тиын, медаль мен жүзік сақталған сейфті ұрлап әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Риддер қаласының полициясы жер үйден қомақты ақша мен басқа да бағалы заттар сақталған сейфті ұрлап әкеткен екі ер адамды ұстады.

Ұрлық 35 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде қыркүйектің ортасында жасалған. Полицейлер қылмысты бейнебақылау камераларының көмегімен ашты, деп хабарлайды polisia.kz.

Екі күдікті таңғы сағат 07.30 бен 09.30 аралығында пластик терезені бұзып, үйге кірген. Үйдің астаң-кестеңін шығарған. Сол сәтте қосалқы үй-жайдағы шағын сейфке көздері түскен. Оны үй ішінде ашуға қорқып, өзімен бірге алып кеткен.

"Сейфте 8 миллион теңге, ер адамдарға арналған алтын сақина, үйдің құжаттары, 1843 жылғы жез тиын, "Еңбегі үшін" медалі болған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы мөлшері 10 миллион теңгені құрады", - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстау үшін полицейлерге бірнеше күн қажет болды. Ұсталғандар 30 жаста, екеуі де жергілікті тұрғын. Бұған дейін бірқатар бап бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

Анықталғандай, ұсталғанға дейін ер адамдар ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген.

Қазіргі таңда екі күдікті де тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

65
Кілт сөздер:
сейф, ақша, Риддер, ұрлық
Архивтегі фото

Қарағандыда досының үйінде бірнеше күн жатқан ер адам кредит алғанын ұмытып қалған

437
(Жаңартылды 16:07 28.09.2021)
"Жәбірленуші" бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында кредит алғанын ұмытып кеткен ер адам полицияға арызданды, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілдеде Абай ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 43 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның жеке деректерін қолдана отырып, микрокредиттік ұйымнан кредит алғанын айтқан. Келтірілген залал көлемі 76 мың теңгені құраған.

Жәбірленушінің айтуынша, бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан. Сол күндері белгісіз біреу ұялы телефонын пайдаланып кредит рәсімдеп алған көрінеді.

Жәбірленуші бұл туралы кредитті төлеу қажеттігі туралы SMS хабарлама алған кезде білгенін айтты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер тергеу барысында арызданушы кредитті мас күйде өзі алғанын анықтады. Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды.

Бұрынғы "жәбірленушіге" қатысты 419-бап (Қылмыс жасалғаны туралы әдейі жалған ақпарат беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз:

437
Тауарларды таңбалау

Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

0
Шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады, деп мәлімдеді мемлекеттік крістер комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі қолданыстағы пилоттық жоба тоқтатылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік крістер комитеті.

Сондай-ақ темекі өнімдерін таңбалау жұмысы да оңайлатылды – ол өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастырылады.

"Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстанда алкогольді таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың 1 маусымында іске қосылды. Бұған дейін міндетті таңбалау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады деп жоспарланған болатын.

Қаржылық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шараны енгізуге басты себеп – 2020 жылдың өзінде жасанды алкоголь өндіретін 50-ден астам жасырын цех жойылған. Көлеңкелі айналымнан 1,5 миллионнан астам бөтелке, 400 мың литрге жуық спирт және 500 мың жалған есептеу-бақылау маркалары алынды.

Оқи отырыңыз:

0