Өңірлер

Түркістанға көшпей отырған шенеуніктер Сағынтаевтың ашуын келтірді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшысы хабарлағандай, Түркістанға бір айдан кейін президент келеді, оған дейін барлық мемлекеттік қызметкер қалаға көшіп болуы тиіс

АСТАНА, 23 тамыз— Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Жиналыста ол мемлекеттік қызметкерлерге бір айдың ішінде жаңа облыс орталығына қоныс аударуды бұйырды.   

Премьер-министр жұмыс сапары кезінде Түркістанда алдағы уақытта бой көтеретін жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың сызбасын көріп, жұмыстардың жоспарымен танысты.

Шымкент - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкент қаласының мәртебесі туралы тарихи құжатқа қол қойылды

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұған дейін бөлінген қаржы толық игерілген. Түркістанды түлетуге тағы да қазынадан қаражат бөлінбек, деп хабарлады TVK.  

Министрлік өкілдерінің баяндамаларын тыңдаған премьер-министр облыстық денсаулық сақтау басқармасының әлі күнге орталыққа қоныс аудармағанын естігенде аушына мінді. 

"Министр ақша жоқ деп қарап отырса, ешқашан көшпейді. Елбасы бір айдан кейін келеді, осы жерде отыратын болсын. Өзіңіз бастап алып келесіз", — деп тапсырды Бақытжан Сағынтаев.

Түркістандағы қасиетті Үкаша ата құдығының сыры неде? 

Отырыста Бақытжан Сағынтаев қаланың бас жоспарын бекітіп, құрылысқа кірісуді тапсырды.

19 маусымда Шымкент еліміздегі республикалық маңызы бар үшінші қала атанған болатын. Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгертілді, ал өңір орталығы Түркістанға көшірілді.  

Назарбаев Шымкентке қатысты маңызды құжатқа қол қойды 


Жаңалықтар
0