ҰБТ, архивтегі фото

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған жігіт шаштараз мамандығын таңдады

1202
(Жаңартылды 20:00 06.09.2018)
Шалқар Амангелдинов жоғары оқу орнын тастап кетіп, шаштараз болып жұмысқа орналасқан

АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ҰБТ-дан 121 балл алған жігіт шаштараз мамандығын таңдады. 

Шалқар Амангелдинов Аягөздегі қазақ мектеп-гимназиясын 2017 жылы жақсы аяқтады. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 121 балл алып, ұстаздары мен жақындарын бір қуантқан.

Физика мен математиканы таңдаған жас жігіт бірден Қазақ Ұлттық университетінің механика – математика факультетінің "Автоматтандыру және басқару" бөліміне түсіп, 4 ай оқығаннан соң, бәрін тастап, туған қаласы Аягөзге келіп, шаштараз болып еңбек ете бастады. Қазір сауда орталығының жанынан ашылған халыққа қызмет көрсету орталығында білдей шаштараз.

Осы мамандықтың қыр-сырына үйрететін "Barbershop" деп аталатын 3 айлық курсты оқып, бұдан соң бір ай Атырауда тәжірибеден де өтіп келіпті, деп жазды altaynews.kz.

"Шалқардың мектеп қабырғасында жүргенде-ақ басты арманы шаштараз болу еді. Әкесі Қанат екеуміз оның алған бетінен қайтпайтынын білсек те жоғары білім алуына барлық жағдайды жасаған едік, енді амал жоқ",-дейді анасы Айгүл Бураханова.

Ал Шалқардың ойы бөлек. Ол осындай қадамға барғанын былай деп түсіндіреді:

"Қазір жоғары білім алып, дипломын сандыққа салып қойып жүрген қаншама аға-апамызды көріп жүрміз ғой. Менің ойымша осының бәрі мамандық таңдауда жіберілген кемшіліктердің салдары. Ата-ана перзентінің не нәрсе қолынан келетініне, нені таңдайтынына мән бермейді. Мен өзім сүйетін мамандықты таңдадым. Маған күнделікті еңбегіме берген ақы емес, өзім сүйген мамандығымнан алған ләззатым қымбат",-дейді 19 жастағы жас жігіт.

1202
Кілт сөздер:
мамандықтар, шаштараз, ҰБТ, Шығыс Қазақстан
Тақырып:
ҰБТ - 2019 (32)
Тақырып бойынша
ҰБТ-ны қайта тапсыру қанша тұрады?
Семейлік қыз ҰБТ-дан бірде-бір балл жинай алмады
Биылғы ҰБТ несімен есте қалды?
"Әуелі анамды қуанттым": маңғыстаулық екі түлек ҰБТ-дан 136 балл алды
ҰБТ кезіндегі ғашықтық хикаясы немен аяқталды?
Дәрігер, архивтегі фото

Батыс Қазақстанда денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұсталды БАҚ  

438
(Жаңартылды 12:29 29.10.2020)
Шенеунік пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады жергілікті БАҚ. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады өңірлік "Мой Город" басылымы.

"29 қазанда БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюповтың пара алды деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Алдын ала ақпарат бойынша пара сомасы шамамен 7 миллион теңгені құрайды", - деп жазды басылым.

Қазір облыстың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар басылым Қаюповқа қатысты тергеу басталғаны жайлы біраздан бері айтылып келе жатқанын жазды. Қыркүйекте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына қатысты ешқандай сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатпағаны хабарланған.

"Қадағалау органдары басқармада коронавируспен күрес жөніндегі шараларға бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Болатбек Қаюпов күдікке ілініп отырған жоқ", - деп түсіндірген болатын денсаулық сақтау басқармасы.

Ал қазір облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі басшысы жайлы ештеңе білмейтінін хабарлады. Ал Қаюпов орнында болмай шықты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді. Олар кез келген ақпараттың прокуратурамен келісілгеннен кейін хабарланатынын мәлімдеді.

Бас дәрігер мен басқарма басшысы арасындағы жанжал

2020 жылы маусымда Батыс Қазақстан облысындағы жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова облыс әкіміне коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін қосымша стационарлар құру туралы ұсыныс жасаған. Дәл осы жағдай денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов екеуінің арасындағы жанжалға себеп болды. Содан кейін әйел жұмыстан шығу туралы өтініш жазды.

Алайда 24 маусымда дәрігер облыстық денсаулық сақтау басқармасына жұмыстан босату туралы өтінішін қараусыз қалдыру туралы ресми хат жолдаған. Соған қарамастан аурухананың бас дәрігері 29 маусымда жұмыстан босатылды. Содан кейін Надия Ахметова сотқа шағым түсірді.

Сол кезде Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Болатбек Қаюпов Надия Ахметова екеуінің арасында ешқандай жанжал болмағанын мәлімдеді. Айтуынша, дәрігер өз еркімен жұмыстан кеткен.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері басшысын қорғап, Болатбек Қаюповтан Надия Ахметованы бұрынғы қызметіне қайтаруды сұрады. Ресми өтінішке аурухананың 18 қызметкері қол қойды.

11 қыркүйекте сот Надия Ахметованы қызметіне қайтару туралы шешім қабылдады.

438
Кілт сөздер:
пара, Денсаулық сақтау басқармасы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда шенеунікті ұстау сәтінің видеосы жарияланды
Ғылым ордасының басшысы қызметкерімен қоса ұсталды
Ақтауда шенеуніктің көлігінен бума-бума ақша шықты – видео
Петропавлда әкімдікте істейтін жас жігіт парамен ұсталды – видео
Қазақстандық депутаттың заңсыз әрекеті әшкереленді – видео
Өскеменде зейнеткердің пәтерінен 17 тонна қоқыс шығарылды

Өскеменде зейнеткердің пәтерінен 17 тонна қоқыс шығарылды

35
(Жаңартылды 12:06 29.10.2020)
Әйел пәтерінде оннан астам ит пен бірнеше мысық асыраған. Оларды далаға шығармай, бірнеше жыл бойы қоқысты жинай берген

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Өскеменде он шақты итті асырайтын егде жастағы әйелдің үйінен 17 тонна қоқыс шықты. Көршілер жағымсыз иіс жайлаған пәтердің есігін бітеп тастағандықтан, әйел үйге балкон арқылы кіріп жүрген.

Бұл жағдай бірнеше жылға созылған. Іске еріктілер араласып, зейнеткердің пәтерінен 17 тонна қоқыс шығарды, деп хабарлайды өңірлік YK-News басылымы.

Егеуқұйрық қаптап кеткен: Атырауда пәтерден 30 тонна қоқыс шығарылды

"Пәтерден 17 тоннадан астам қоқыс шығардық. Әлі де істейтін шаруа көп, дезинфекция жасау керек, кем дегенде қарапайым жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Электр сымдарын, жылыту және кәріз құбырларын қалпына келтіру, терезелерге әйнек салу керек", - деді "Сенім" ұйымының өкілдері.

Зейнеткер еріктілерге алғыс білдірді.

"Жақын тұратын адамдардан кешірім сұраймын. Расымен де көп қоқыс жиналып қалыпты", - деді әйел.

"Сенім" ұйымының еріктілері пәтерді адам тұруға жарамды ету үшін қаржылық көмек көрсетуге шақырды.

Бұған дейін қоғам белсенділері зейнеткерді пәтердегі оннан астам итті арнайы мекемеге беруге көндірген. Олардың айтуынша, әйел қаңғыбас иттерді үйіне кіргізіп, ваннада ұстаған. Далада серуендемеген.

Еріктілердің айтуынша, әйел игі іспен айналысып, иттерді құтқарып жүргеніне сенімді.  

35
Кілт сөздер:
қоқыс, зейнеткер, Өскемен
Тақырып бойынша
Ақтауда үйден адамның сүйектері табылды
"Жыбыр-жыбыр етіп үйге кірді": Астанада 36 адам тұрып жатқан пәтер табылды
Қазақстанның ұлттық валютасы

Парламент бюджетке түзетулерді қабылдады: қосымша ақша қайда жұмсалады

13
Медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және коронавирустың екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау үшін 238,7 миллиард теңге қосымша қаржы қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Сенат 2020 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Республикалық бюджетті нақтылаудың негізгі міндеті – медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және коронавирустың екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау. Осы мәселелерді шешу үшін 238,7 миллиард теңге қосымша шығыстар көзделді", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сенаттың жалпы отырысында.

Ақша мынадай бағыттарға жұмсалады:

  • карантин шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 миллиард теңгеге қосымша ақы төлеу;
  • тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге ақы төлеу – 83,2 миллиард теңге;
  • ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақы төлеу –  11,7 миллиард теңге;
  • әкімшілер ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере отырып, экономиканың нақты секторын дамытуға және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға – 261,7 миллиард теңге.

"Осы қаражат есебінен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шара мен жобаны іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын ұлғайту жоспарлануда", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк қазақстандықтардың кредиті көбейетінін болжап отыр 

Ол барлық мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын жеткілікті қаржымен қамтамасыз ету көзделгенін атап өтті. Бұдан бөлек, бюджетті нақтылау аясында президент жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар құру және қайта ұйымдастыру бойынша қаражатты қайта бөлу жүзеге асырылды.

Нәтижесінде, республикалық бюджеттің параметрлері келесідей қалыптасты. Республикалық бюджет түсімдері 12 триллион теңге көлемінде анықталды. Тапшылық жалпы ішкі өнімге 3,5 процент деңгейінде сақталды. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 14,5 триллион теңгені құрайтын болады.

13
Кілт сөздер:
парламент, коронавирус, бюджет
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы